2015 жылғы 24 қазан күні мектеп жасындағы балалар арасында «Жайдарлы Жас ұлан» республикалық зияткерлік сайысы өтті. Сайысқа республика бойынша 13 команда қатысып, «Сәлемдесу» сайысы бойынша додаға түсті.
Жүздері жайнаған жас ұландардың сайысына республикалық Премьер лига ойындарының тұрақты қазысы — Нұрмахан Мұқанұлы, «Балапан» телеарнасының директоры — Ләйлә Сұлтанқызы, Республикалық «Жас Ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымының төрайымы — Динара Садвакасова, Білім және ғылым министрлігі Жастар саясаты департаментінің директорының орынбасары — Ернат Мұхамадиев және «Түнгі студия» бағдарламасының жүргізушісі — Дәулет Бижанов қазылық етті.
«Жайдарлы Жас ұлан» зияткерлік сайысына қатысқан командалар:
- «52 мектеп құрамасы» — 52 орта мектеп, Астана қаласы.
- «Томпақтар» — 53 орта мектебі, Қарағанды қаласы.
- «3 мектеп құрамасы» — 3 орта мектеп, Астана қаласы.
- «Cары бүркіт» — Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы.
- «Жас медиа» — Астана қаласы, Оқушылар сарайы
- «Жас буын» — Атырау қаласы.
- «Сүйінші» — 62 орта мектеп, Астана қаласы.
- «73 лицей» — 73 мектеп гимназиясы, Астана қаласы
- «Бауырсақтар» — №14 бөбекжай бақшасы, Қостанай қаласы
- «Отырар» — 8 орта мектеп, Астана қаласы.
- «Өнерлі көшпенділер» — Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Өрнек ауылы
- «Осал емес» — №24 лингвистикалық мектеп гимназиясы, Ақтөбе қаласы
- «Қамажай» — Өскемен қаласы
Ойын барысында Ақмола облысы, Степногорск қаласынан келген «Сейфуллин жастары» және Астана қаласы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Күлтегін» жайдарман тобы қонақ ретінде өнер көрсетті.
Қазылар алқасының шешімімен келесі командалар жүлделі орындарға ие болып, ақшалай сыйлықтармен марапатталды:
- І орын – «Көңілді көшпенділер» жайдарман тобы (200 000 теңге)
- ІІ орын – «Осал емес» жайдарман тобы (150 000 теңге)
- ІІІ орын – «Қамажай» жайдарман тобы (100 000 теңге)
«Жайдарлы Жас ұлан» зияткерлік сайысының жеңімпаздарын құттықтаймыз!