«Жастар» жазғы фестивалінің басталуына санаулы күндер қалды

Халықаралық жастар күніне арналған  «Жастар» республикалық жазғы фестивалі ресми түрде 9 тамыз күні басталады. Екінші жыл қатарынан өткізіліп отырған шараға биыл 75 команда тіркелді. Айта кету керек, бұл көрсеткіш былтырғысынан әлдеқайда көп. Тіркеу әлі де жүргізіліп жатқандықтан, командалар саны арта түсуі мүмкін.

 «Жастар» республикалық жазғы фестивалі — тек жайдарман ойындары ғана емес, түрлі мәдени-спорттық шараларға толы арнайы жоба.  Онда  түрлі ойындар өткізіліп, қызықты экскурсиялар, ардагер жайдарманшылардың мастер-кластары мен семинар-тренингтер жасалады. 

Жазғы фестивальдің екінші күні жайдарманшылар арасында «J-improvize»  импровизация кеші ұйымдастырылмақ.   Фестиваль аясында «Жазғы кубок» ойнатылады.

Сонымен қатар, 11 тамыз күні жайдарман жігіттерінің мықтыларын іріктеп, қазақша күрестен «Жайдарман барысы» анықталады.

9 тамыз күні тіркеу жұмыстарымен қатар, редакторлық жұмыстар да бастау алады. Осылармен қатар, «Қазақстан КВН Одағы» Президентімен, редакторларымен, авторлық құрамымен және белгілі тележүргізуші Маралбек Сағынғановпен семинар-тренингтер өткізіледі.

12 тамыз күні фестиваль қорытындыланып, кешкі сағат 18:00-де «Қазмедиа» орталығында  «Гала-концерт» өткізіледі. 

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...