Жастар маусымындағы Жоғары лига ойындарының финалдық бәсекесі өтті. Финалды тамашалау үшін келген қонақтар Нұр-Сұлтан қаласы Бейбітшілік және келісім сарайының ішін лық толтырды. Ойын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранты аясында ұйымдастырылды.
Финалистер:
— «Фемида» Ақтөбе
— «Өзенмұнайгаз құрамасы» Жаңаөзен
— «Элемент» Семей
— «Грант» Орал
— «Боранқұл» Маңғыстау
Финалда командалардың ойынына Марат Оралғазин, Еркебұлан Мырзабек, Көпен Әмірбек, Берік Уәли және Дәулет Кәрібек қазылық етті.
Көрермен мен қазылар алқасының көңілінен шыққан қос бірдей Элемент және Фемида командалары жастар маусымының чемпионы атанды.
Ұпай сандары бойынша ІІ орынды «Боранқұл» құрамасы, ал ІІІ орынды Өзенмұнайгаз құрамасы қанжығасына байлады. ⠀