2015 жылғы 3, 4, 5 сәуір күндері Астана қаласы Жастар сарайында Республикалық Премьер лига 1/8 финалының ойындары өтті. 24 команда үш топқа бөлініп, өзара сайысқа түсті.
Ойын тақырыбы – «Тарих толқынында». Сайыс барысында командалар сәлемдесу, бес әзіл және көрініс сайысы бойынша жарысты.
3 сәуір күні – «Арал құрамасы», «МПТК.кз», «Номад құрамасы», «Тараз – Астана», «Бизнесмендер», «Қостанай құрамасы», «Феномен», «Достар» командалары, 4 сәуір күні – «Грант», «Өскемен қаласының құрамасы», «Байдың балалары», «Инженерлер», «Үш жүз», «Боранқұл», «Қорқыт жастары», «Қатыныс жолдары институнының құрамасы», 5 сәуір күні – «Жәке», «Фемида», «Жаңаөзен жастар құрамасы», «Жұлдызды жігіттер», «Рахмет», «Оныншы пленета тұрғындары», «Тұран-Астана» және «Есте қалар» командалары өнер көрсетті.
Ойын қорытындысы бойынша «Номад құрамасы», «Рахмет», «Жаңаөзен жастар құрамасы», «Қатыныс жолдары институнының құрамасы», «Байдың балалары», «Арал құрамасы», Жұлдызды жігіттер», «МПТК.кз», «Фемида», «Инженерлер», «Грант», «Өскемен қаласының құрамасы», «Боранқұл», «Үш жүз», «Достар», «Феномен», «Тұран-Астана», «Оныншы пленета тұрғындары» командалары қазылар алқасының шешімімен келесі ойынға жолдама алды. Аталған командалар Республикалық Премьер лига ойындарының 1/4 финалында сайысқа түсетін болады.