Жаңа маусымнан қандай жағымды жаңалық күтесіз?!

Жаңа маусымның жақсы деңгейде өтуіне атсалысатын сахнада өнер көрсететін командалар ғана емес, ұжымдағы жандардың еңбегі зор екені айқын. Көрермендерге күлкі сыйлау үшін аянбай еңбек еткен қызметкерлердің нәтижелі жұмысы баршаға белгілі. Жұмыстың жемісті болуына ұжым қызметкерлерінің ұтымды пікірлері назардан қалмақ емес деген оймен «Сауалнама» айдары бойынша белгілі бір сұрақтарға тиісті жауап алуды жөн көрдік.

«Маусымашар» директоры, «Ақжайық КВН»  (Батыс Қазақстан облысы) филиалының директоры Қанат Досмағамбетов:

PgqpxKi0YG4

  • Биылғы фестивальдің директоры қызметіне сізді лайық деп таныған екен, жауапкершілігі басым жұмысыңызға қалай кірістіңіз?
    -Әрине, көтеріңкі көңіл күй арқылы жұмыстың тиянақты өтуіне атсалысып жатырмын. Жауапкершілігі басым фестиваль  директоры қызметіне кірісу арқылы биылғы маусымашардың жақсы деңгейіде өтуіне ықтимал болып жүрген қызметкердің бірімін. Есен ағаның өзі хабарласып, ұсынысын айтқанда қуанғанымды жасырмаймын. Сонымен қоса үлкен жауапкерішлікті абыроймен атқарып шығуды ойластырдым. Өзім де жайдарманшылардың бірі болып, редакторлық қызметті атқарып, бүгінде Батыс Қазақстан облысы «КВН» филиалының директоры болып жұмыс жасаудамын.
  • Батыс Қазақстан облысынан қанша команда маусымашарға қатысуға ниет білдіріп отыр?
  • Облыс бойынша биылғы маусымға 8 команда қатысады деп жоспарланып отыр. Олардың ішінде халыққа танымал «Назар Аудар», «КАЗИИТу», «Грант» командалары өнер көрсетеді деген ойдамын.
  • Сонда «Назар Аудардың» көрермендері сүйікті командаларымен қайта қауышатыны айқын болды ғой?
  • «Назар Аудар» командасы мауысмашарға қатысады. Ал сайысқа қатысуы белгісіз.
  • Жаңа маусымнан қандай жағымды жаңалық күткіңіз келеді?
  • Маусымда талантты да дарынды жастар өнер көрсетіп көрермендердің сүйікті командаларына айналса деген ойдамын.

Қазақстан КВН Одағының көркемдік жетекшісі Дәулет Бекмағанбетов:

 

IMG_1522

— Биылғы маусымның ерекшелігі неде?

— Биылғы маусым аты айтып тұрғандай жағымды жаңалыққа толы болады деген ниеттемін. Жалынды жайдарман жастары көбейіп, жайдарман деңгейі көтеріледі деген сенімдемін. Сонымен қатар, биылғы маусымда сайыстар «ҚазМедиа орталығында» өтетін болады. Бұның өзі биылғы маусымның жағымды жаңалықтарының бірі деуге болады.  Командалардың барлығына сәттілік тілеймін!

-Жаңа маусымнан қандай жағымды жаңалық күткіңіз келеді?

— Командалардың сайысқа қатысудағы мақсаты – жеңіс тұғырынан көріну арқылы чемпион атану.  Еңбек пен талант қатар жүрсе бұл атаққа лайық болатындары айқын. Әрине, жеңісті сәттерге барлық командалардың мүмкіншіліктері бар. Тартымды да тартысты маусым болатынына сенім білдіремін.

Айдана Әлиарыстан

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...