«Жаңа маусым — жаңару» чемпионының анықталуына санаулы күндер қалды

 Жайдарманның  «Жаңа маусым — жаңару» деп аталған  2016 жылғы маусымының соңғы ойынына да келіп жеттік.  Финалдық ойын 23 қараша күні сағат 19:00-де Астана қаласындағы «Қазмедиа» орталығында өтеді.

Маусым басынан республикалық жоғары лигаға жолдама алған 40 команда ішінен үздік танылып, суырылып шыққан  БЕС команда финалда сәлемдесу, бессайыс, әлеуметтік ролик және жұлдызбен СТЭМ сайыстары бойынша бақ сынасатын болады. Соңғы конкурста жайдарман топтарымен эстрада, кино және телевизия жұлдыздары бірге өнер көрсетеді. Ұзынқұлақтан естуімізше, Қайрат Нұртас, Жүсіп Ақшора, Нұржан Төлендиев, Данияр Елеусінов сынды жұлдыздар Жайдарман ойнап қалуы мүмкін екен.

Чемпиондық атаққа таласындар:

 былтырғы жоғары лига вице-чемпионы  «Аягөз құрамасы»,

Аягөз

Премьер лиганың «Әдебиет маусымындағы» чемпионы, ал «Тарих маусымының» жоғары лига финалында қола жүлдегер болған жетісайлық «Сырдария құрамасы»,

Сырдария

былтырғы Жоғары лига жартылай финалисі, Премьер лиганың «Әдебиет маусымындағы» вице-чемпионы «Қармақшы құрамасы»,

Қармақшы

«Тарих маусымында» Премьер лига ойындарында екі вицe-чемпион анықталған еді, екеуі де финалда. Біреуі шымкенттік «Байдың балалары»,

екіншісі «ҚЖУ құрамасы».

Финалистерге сәттілік тілеп, жайдармансүйер көрермендерді сәрсенбі күні «Қазмедиа» киноконцерттік залында күтеміз.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...