Оңтүстік астанамызда Алматы шаһарының мыңжылдық және еліміздің Тәуелесіздігінің 25 жылдық мерейтойларына орай «Қазақстан КВН Одағы» Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен жаңа республикалық Алматы ашық лигасы іске қосылды. Қыркүйек айының басынан бастап, мемлекетіміздің түкпір-түкіпірінен 50-ге жуық жайдарман топтары топтары онлайн тіркеліп, 22-23 күндері Алматы қаласында бас қосқан еді. Бірнеше күндік іріктеу және редакторлық жұмыстар нәтижесінде алғашқы бөлімге 15, ал екіншісіне 18 команда таңдалып алынды. Алматы қаласының және республикамыздың ең үздік командалары гала-концертті өте жоғары деңгейде өтуіне себепші болды. Ойынды жүргізген «Қазақстан КВН Одағы Алматы КВН» филиалының директоры Оңдасын Құлымбетов, ал редактор Дархан Карипов. Барлық қатысушылар жоғары және кіші топтарға топтастырылып, жартылай финалдық сайыстарға жолдама алды. Күрделендірілген сайыстарға құрылған жартылай финал қазан айының 7-8 және 17-18 күндеріне жоспарланып отыр.