Жаңа республикалық Алматы ашық лигасы бастау алды

Оңтүстік астанамызда Алматы шаһарының мыңжылдық және еліміздің Тәуелесіздігінің 25 жылдық мерейтойларына орай  «Қазақстан КВН Одағы» Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен жаңа республикалық Алматы ашық лигасы іске қосылды.  Қыркүйек айының басынан бастап,  мемлекетіміздің  түкпір-түкіпірінен 50-ге жуық жайдарман топтары топтары онлайн тіркеліп,  22-23 күндері Алматы қаласында бас қосқан еді. Бірнеше күндік іріктеу және редакторлық жұмыстар нәтижесінде алғашқы бөлімге 15, ал екіншісіне 18 команда таңдалып алынды. Алматы қаласының және республикамыздың ең үздік командалары гала-концертті өте жоғары деңгейде өтуіне себепші болды. Ойынды жүргізген «Қазақстан КВН Одағы Алматы КВН» филиалының директоры Оңдасын Құлымбетов, ал редактор Дархан Карипов.  Барлық қатысушылар жоғары және кіші топтарға топтастырылып, жартылай финалдық сайыстарға жолдама алды. Күрделендірілген сайыстарға құрылған жартылай финал қазан айының 7-8 және 17-18 күндеріне жоспарланып отыр.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...