9 қарашада Нұр-Сұлтан қаласы Бейбітшілік және келісім сарайында Жоғары лиганың финалы өтті.
Ойын Қазақсан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранты аясында ұйымдастырылды.
Чемпиондар сәлемдесу, командалық жамбы ату және үй тапсырмасы сайыстары бойынша анықталды.
Ұпай сандарының үстемдігімен екінші орынды «Боранқұл», үшінші орынды Өзенмұнайгаз құрамасы қанжығасына байлады.
Жоғары лига тарихында алғаш рет екі команда чемпион атанды: шығыстан «Элемент» және батыстан «Фемида».