Әлқисса, бірінші ойын өтті. Онлайн репортаж бар, азулы сыншылардың есебі бар, бос әңгіме айтып қайтейін.
Мен үшін алғашқы 1/8 финалдың алғашқы тобының феномені «АЭСА» болды. Артық сөз, артық қимыл жоқ. Әр ісі орынды. Әзіл тығыздығы өте жоғары. Нәтижесі — ең жоғары ұпай. Және ең қуантатыны бұл кездейсоқ жеңіс емес, жүйелі жұмыстың нәтижесі. Олардың жетістігін қайталаймыз десеңіздер осыған дейінгі жүрген жолдарын бір қарап өтіңіздер…
Екінші феномен «Күлтегін» тобы. «Ат баспаймын деген жерін үш басады». Әзірге жігіттер екі рет басты, екеуі де сәтсіз. Айтпақшы барлығымыз театрда отырғандай көріп шыққан ойынға қазылар бірдей жоғары ұпай көтергені… білмеймін, таныстары бар шығар)))) Жас командалар «Күлтегіннің» қтелігін қайталамаймын десеңіздер былтырғы ширек финалын қайталап көріп шығуларыңызға болады…
Тағы бір феномен «Сая суши» болды. «Жайдарманның» ресми парақшасынан, кейбір ойыншылардың инстаграмм аккаунтынан көріп жүрген «Саяның» кешегі сахнаға шыққанына қарағанда жақында мейнстримге айналғанын да көретін шығармыз.
Айтпақшы бүгін де барамын ойын көруге))))
Алмас (Көзілдірік) Тоқабаев