Жоғары лига финалы. Фото-есеп

«Әдебиет маусымының» қорытындысын ұзақ күттік. Болжам жасадық, әр ойынды асыға қарадық. Сынадық. Мін арттық.  Жанкүйер болдық.

Командалар да осал болған жоқ. Осы маусымда ойнаған 24 команда  жалын-жігерлерінің жеткен жеріне дейін аянбады. Ең мықты деген үздік алтылық финалға өткенде, шын жанкүйер ретінде жанымызды шүберекке түйдік. Олар да, көрермен үміті мен аймақтарының намысын барынша қорғады. Финал — үздіктердің жиналатын тұсы. Финалист болу —  еңбек пен өнердің ұштасқандағы нәтижесі.

Біз шақырғанбыз. Конгресс-холл. 29-қараша. Сағат 19.00.

Әдеттегідей, Есен аға жайдары жүзбен бастады. Не кем, ке артық әдеті жоқ, таныс жүзді сәл көрмесе сағынатын көрермен жылы қабылдап, қошеметін жаудырды. Бұл ел ағасы — Есағаға ғана емес, Жайдарманға деген кошемет.

b4OaBD8kH1Y
«КҮЛтегін» бастады.
2UjaeTCtCBc

«Кейінгі кезде Мұқан жақсы ойнап жүр дейсіздер ме, рахмет!» (с) Мұқан «Байланыс жігіттері»
2dscOTeAOOo

Батырлармен, нөкерлермен, қазақша сөйлей алатын орыстарымен шықпаса, «Аграрка сарбаздары» бола ма?! Міне, дәлел. Финалға да осындай бір «шоу»керек болған шығар. бастысы, еңбек бар…
sqTTOHo2OjU (1)

Мықты… Еңбек бар. «ҚазҰУ құрамасы» өздері айтқандай үш жыл финалда ойнаған команда. Тәжірибе бар екені сәлемдесуден-ақ көрініп тұр.
uYv608tNGYk

«АЭСА құрамасы» стильімен де, ерекше ойынымен де халықтың көзайымына айналған команда. Әйтеу, бұларға деген ықылас ерекше болды.
sWzUabVRdQkODfPS_ADweg

w3J761Te5C0

sWntJL7qjnI

wtDu9wNUvsc

m8AJWAqEnxI

QXKG7LLYX54

iZC82ziVhz0

DL-pT3rJJXw

Ойындағы қызықты сәттердің бірлі-жарымы осы.
Нәтиже:
Жылдың үздік ойыншысы — Мейрамхан ШАЛҚЫБАЕВ (Михон, «АЭСА»)
ІІІ орын — «КҮЛтегін» ЕҰУ;
ІІ орын — «Аграрка сарбаздары» ҚазАТУ
Чемпион — «ҚазҰУ құрамасы»

hNaIXHq_NlM (1)

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...