Көрермен болжамы | Премьер лига. Ширек финал

Республикалық Премьер лига. 1/4 финалдық ойындарына болжам жасап көрсек….

Бастамас бұрын айта кететін жайт бұл жәй ғана көрермендерден болжам, алда бәрін ойын көрсетеді.
Бірінші топ
1. «Шымкент Жастар құрамасы» — Шымкенттен шыққан сапалы әзілдерімен халықтың ықыласына бөленіп жүрген командаларының бірі, тәжірбиесі мол команда былтырғы жылғы қателіктерін түзесе, «Әдебиет маусымында» финалға дейін баратын сияқты, бірінші топтағы фавориттердің бірі деп ойлаймын.
2. «Арал құрамасы» — Чемпион шыққан ауданнан келген бірден бір команда жас команда екені айдан анық, 1/8 ойындарда қосалқы командаларға кірді, әзілдері жақсы тек халыққа жетпей жатқаны болмаса, былай жақсы команда.
3. «Достар» — Семейдің сері жігіттері өте жақсы команда, тағы да бір фаворит алдыңғы ойындарда көзге түскен командалардың бірі, әзілдері керемет, финалдан үмітті команда.
4. «АЭСА-Ақтөбе» — Ақтөбеден былтыр премьер лигада екі команда, міне солардың бірі Алматы Эканомика Статистика академиясының Ақтөбедегі филиалының құрамасы Аэса-Ақтөбе, жас командалардың бір.
5. «МПТК.кз» — Маңғыстау облысынан шыққан
командалардың бірі, алдыңғы ойында жақсы ойын өрнегін көрсетіп әділ қазылардың жоғары ұпайларына ие болған бірден-бір команда, көріністерімен таңғалдырған болатын алдыңғы ойында, келер ойында немен таңғалдырар екен? Бірінші топтағы бірден-бір фаворит.
6. «Шу-Чу» — Шудың жалғыз командасы жақсы команда, тек былтыр аз ғана қателіктері болмаса, 1/8 ойындарда бұл командада жақсы ойын көрсеткен болатын, тағы бір айтатын жайт жігіттер Шуда шөптен басқа айтатын мәселелер көп деп ойлаймын. Жақсы команда.
Екінші топ
1. «Фемида» — Ақтөбе қаласынана шыққан, мана айтқандай, екінші команда, биыл премьер лигада екінші мәрте болса да өте жақсы ойын көрсетті деп ойлаймын, екінші топтағы фавориттердің бірі.

2. «Байдың балалары» — Шымкент қаласынан шыққан Байдың балалары, биыл премьер лигада екінші мәрте, алдыңғы жылы қателіктер болды ма әлде тәжірбие жетіспеді ме жартылай финалға дейін жеткен болатын, менің ойымша бұл команда былтыр тұрақты болмаған, ал биыл тұрақты болады деген ойдамын 1/8 ойындарда жақсы ойын көрсетті, екіші топтағы басты фаворит.
3. «Алаш Ұлдары» — Семейден шыққан тәжірбиелі де жақсы ойын көрсете білетін де команда, 1/8 ойында құрамаға көзсалсақ құрама толықтай өзгергені анық, бірақ былтырғы қателіктерін жасамайт деген ойдамын.
4. «Қорқыт жастары» — Қызылорда Қорқыт құрамасының ізбасарлары Қорқыт жастары былтыр Алматы ашық лигасында жақсы ойын көрсете білген болатын, ал осы жылы премьер лига да жақсы команда сәл тәжірбие жетіспейді.
5. «Боранқұл» — Маңғыстау облысындағы алыста жатқан ауылдан шығып отырған команда, ұлы адамдар текке айтпаған Таланттар ауылдан шығат деп оның бірден бір дәлелі осы команда жақсы команда екінші топтағы фавориттердің бірі.
6. «Болашақ VIP» — Қарағанды қаласынан биыл премьер лигада жалғыз ғана осы команда, премьер лига да үшінші мәрте ойын көрсетіп отыр, тәжірбиесі мол команда тек әзілге салмақ қосу керек сияқты.
Үшінші топ
1. «Мардан Ұландары» — Шымкенттен шыққан тәжірбиесі мол командалардың бірі, біле білсек былтыр жоғарғы лига да ойнаған жігіттер мен қыздар, осы жылы қайтадан премьер лигада, 1/8 ойынға назар аударсақ әзілдерін созып аған сияқты, тәжірбиесі мол болғанмен сәл әзілге мән беру керек.
2. «Сырдария құрамасы» — Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан команда, Алматы ашық лигасында былтыр чемпион болған команда екенін ескерсек, былтыр премьер лигада, маусымашар да жақсы ойын көрсеткен болатын, ал 1/8 ойындарда әзілдерін халық түсінби қалған-ау шамасы, залға жартылай кірген жоқ.
3. «Қармақшы құрамасы» – Міне нағыз команда, 1/8 жарқырай білген бірден бір командалардың бірі, әзілімен биі жарасқан Қызылорданың жас командасы, үшінші топтағы басты фаворит.
4. «Алмалы» — Құрамынды мүлдем Шымкенттік жоқ Алматылықтар, 1/8 ойында жақсы ойын өрнегін көрсеткен болатын, ¼ ойындада сондай үміт күтеміз, үшінші топтағы бірден бір фаворит міне осы Алматылықтар.
5. «Жаңаөзен жастар құрамасы» — Мұнайшылар шыққан қаладан Жаңаөзен жастары деген команда, 1/8 ойында бұл команда өзінің ерекшелігімен басым түскен болатын, тағы бір фаворит.
6. «Жаным» -Шығыстың нағыз әзілқой қыздары, жас топ емес сияқты, өйтккені биыл премьер лигада екінші жыл, былтыр жартылай финалдан қош айтысқан едік, биыл финалға дейін жететіні айдан анық, міне фаворит.
Жартылай финалға өтетін командалар (БОЛЖАМ)
1 Топтан
1.«Шымкент Жастар құрамасы»
2.«Достар»
3.«МПТК.кз» немесе «Шу-Чу»
2 Топтан
1.«Фемида»
2. «Байдың балалары»
3. «Боранқұл»
3 Топтан
1. «Қармақшы құрамасы»
2. «Алмалы»
3. «Жаңаөзен жастар құрамасы» немесе «Жаным»
Резерв болса Резервпен
1.«АЭСА-Ақтөбе»
2. «Алаш Ұлдары»
3. «Қорқыт жастары»

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...