Өткен аптада танымал жайдарманшылар Сейтова Айзат пен Шарапов Нұрболхан Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистратурасын тәмамдады. 17 маусым күні магистрлік диссертацияларын сәтті қорғап шыққан болатын.
Енді, Айзат — гуманитарлық ғылымдар магистрі,
ал Нұрболхан болса, әлеуметтік ғылымдар магистрі.
«Жайдармандағы» магистрлер тек бұл екеуі ғана емес. «Әдебиет маусымының» чемпиондары Қасымов Абылайхан мен Әбділдә Дәмір күні кеше әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын бітірді. Абылайхан — әлеуметтік ғылымдар магистрі, Дәмір — гуманитарлық ғылымдар магистрі.
Ең бастысы, төртеуі де магистрлік диссертацияларын «бес» деген бағаға қорғады. Өздерінің «магистр» атақтарына әлі үйреніп үлгермеген жайдарманшыларды біз өз кезегімізде құттықтаймыз! Дипломдарыңның жемісін көріңдер!