«Маусымашар — 2015» фестивалі. (1-күн)

Көптен күткен күн де жетті. Бүгін «Маусымашар-2015» фестивалінің гала-концерті.  Екі күнге созылған концерт екі турдан  да сәтті өтіп, жүзден жүйрік шыққан командалардың думан-тойы десек те болады. Екі күнге бөлінген командалардың тең жартысы бүгін маусымды ашып, сәтті ойындарымен бөлісті. Жиырма үш команда көреременін
түрлі қызыққа батырып, сағындырған Жайдарманның жаңа маусымы өз жұмысын бастайтыны көрерменді тағы бір қуантты.
Мектеп жасындағы балалардың Жайдарман ойындарында белсенділігін дәлелдеген бүлдіршіндер бұл маусымды сәтті бастады. «Бауырсақтар» командасы ең жас, ең тәтті команда болып есімізде қалатын болар.
IMG_6023

IMG_5895

Жаңа маусымға келген «Аягөз» құрамасы да осал емес. Махаббаттың Отанынан келгенін тағы бір ескертіп, өз елдеріне «шақырып» кетті.
IMG_6035

«Бұл маусымда «АЭСА» ойнайды ма?» деген жанкүйерге… Иә! Олар маусымда!
IMG_6073

Сағындырған команда. Шалдың балалары Жайдарманды жүлде үшін емес, «қоя әлмәйтін» болғаны үшін ойнайтынын сөз бен істі қатар қойып дәлелдеді. Көрермені де риза, өздері де разы «Барыстар» жаңа маусымға жаңа серпінмен келді.
IMG_6078

Финалда бір әзіл ойнап, бесінші орын алып кеткен «Байланыс жігіттері»
IMG_6094

Ылғ желіде отыратын «онлайн». Залды еріксіз, шынайы күлдірген команда. Болашағы бар жас команда.
IMG_5901
Осы секілді жиырма үш команда қыран-топан күлкіге бөлеп, көп күткен көрерменін риза етті. Думан соңы мерекелік әнмен әрленіп, еолің Есен ағасы ертеңгі екінші бөлімге шақырып, жылы қоштасты.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...