2015 жылғы 14-15 қазан күндері М. Өскінбаев атындағы филармонияда Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен, «Әлем тарихы» тақырыбында Маңғыстау облыстық ашық чемпионатының жоғары лига ½ жартылай финалдық бәсекесі болып өтті.
Бүгінгі сайысқа облыстық, қалалық деңгейде өнер көрсетіп жүрген жоғары және орта оқу орындарының «жайдарман» топтары бақтарын сынаған болатын. Жоғары лига ойыны 2 күнге созылды. Бірінші күні «Атамекен» Мұнайлы ауданы, «Каспий» Ақтау қаласы, «Жалын» Жаңаөзен қаласы және «Бәйішов жастары» Ақтөбе қаласы жайдарман топтары ойнады. Ал, екінші күні «Боранқұл» Бейнеу ауданы, «Өнер» еркін құрама, «Әбіш серілері» Онды ауылы, «Әлтайыр » Жаңаөзен қаласы командалары өз өнерлерін көрсетті.
Жалпы тақырып «Әлем тарихы».
Ойын 2 кезеңнен тұрды:
1. Сәлемдесу «Әлемге сәлем» (5 минут)
2. Қайым айтыс
3. Командалық жамбы ату
4. Еркін сайыс
Бірінші топтың қорытындысы бойынша, «Жалын» Жаңаөзен қаласы және Ақтөбе қаласынан келген «Бәйішев жастары» жақсы ойын көрсетіп, финалдық ойынға жолдама алды. Ал, екінші топтың ойынына тоқталатын болсақ, жоғары дәрежеде ойын көрсеткен Боранқұл және Өнер құрамасы финалдық ойынға өтті. Екі ойынның қорытындысы бойынша, қазылар алқасының шешімімен «Атамекен» жайдарман тобы финалдық бәсекеге жолдаманы қанжығасына байлады.