2015 жылғы 7 қазан күні М. Өскінбаев атындағы филармонияда Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен, «Тарих толқынында» тақырыбында Маңғыстау облыстық ашық чемпионатының премьер лига ½ жартылай финалдық бәсекесі болып өтті.
Шараның басты мақсаты – дарынды жастар мен өнер ұжымдарын анықтау, олардың шығармашылық әлеуетін іске асыруына жағдайлар жасау, қазақ тілін кеңінен насихаттау, жастарға патриоттық тәрбие беру және олардың бос уақытын тиімді пайдалану, студент жастардың белсенділігін арттыру болып табылады. Бүгінгі сайысқа облыстық, қалалық деңгейде өнер көрсетіп жүрген жоғары және орта оқу орындарының «жайдарман» топтары бақтарын сынаған болатын. Олар Бейнеу жастары, АТКС құрамасы Гүлдерай, Студенттер, Атамекен жастары, Лицей құрамасы, Басқұдық құрамасы, Агростар. Жалпы тақырып «Тарих толқынында».
Ойын 2 кезеңнен тұрды:
- 5 әзіл
- Сәлемдесу + көрініс (Тарихқа тағзым 7-8 минут)
Бүгінгі ойын өте жоғары деңгейде өтіп, командалар тартысты ойын көрсетті. Ойынға қатысқан 8 команданың 4-уі ойын қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинап, финалдық ойынға жолдама алды. Олар атап өтетін болсақ, «Басқұдық» құрамасы, «Лицей» құрамасы, «Атамекен жастары», «Гүлдер-ай» құрамасы. Сонымен қатар, қазылар алқасының шешімімен «Бейнеу жастары» резервтік команда ретінде финалдық ойынға өтті. Ал ұпай санын төмен жинаған «АТКС» құрамасы, «Студенттер», Агростар 1/2 жартылай финалда өз ойындарын тоқтатты.