Дарынды жастар додаға түсті

2015 жылғы 29 мамыр күні М. Өскінбаев атындағы филармонияда Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен, «Ежелгі тарих» тақырыбында Маңғыстау облыстық ашық чемпионаты 1/4 ширек финалдық бәсекесі өтті.

IMG_0543

«Жайдарман» — көңілді тапқырлар өнер көрсететін ойын-сауық бағдарлама. Әзіл-оспақты қолдана отырып қоғамның дамуындағы мәселелерді ашуға, ұлттық дәстүр мен мәдени құндылықтарды сақтауға, дамытуға шақырды. Отансүйгіштік пен ұлттық сананың биік адамгершілік ұстанымдарын насихаттады.

IMG_0533

Шараның басты мақсаты – дарынды жастар мен өнер ұжымдарын анықтау, олардың шығармашылық әлеуетін іске асыруына жағдайлар жасау, қазақ тілін кеңінен насихаттау, жастарға патриоттық тәрбие беру және олардың бос уақытын тиімді пайдалану, студент жастардың белсенділігін арттыру. Бүгінгі сайысқа облыстық, қалалық деңгейде өнер көрсетіп жүрген жоғары және орта оқу орындарының және Ақтөбе, Құлсары, Жаңаөзен қаласының  «жайдарман» топтары бақтарын сынады. Олар:  «Әбіш серілері» Онды ауылы, «Маданият» Ақтөбе политехникалық колледжі, «Болашақ жастары» еркін құрама, «Бәйішов жастары» еркін құрама,  «Амиго» еркін құрама Құлсары, «Жалын» Жаңаөзен қаласы, «Атамекен» Мұнайлы ауданы. Жалпы тақырып «Ежелгі тарих». Сайыс 3 кезеңнен тұрды: 1. Сәлемдесу; 2. Бес әзіл сайысы; 3.Көрініс.

IMG_0506

Ойын қорытындысы бойынша жартылай финалға жоғары ұпай жинап, жолдама алған топтар — «Жалын» Жаңаөзен, «Бәйішов жастары» еркін құрама, «Амиго» еркін құрама, «Әбіш серілері» «Атамекен Мұнайлы ауданы, сонымен қатар «Бәйішов жастары» еркін құрамасы резервтік команда ретінде жартылай финалға өтті. Ал ұпай санын төмен жинаған «Маданият» Ақтөбе қаласы, «Болашақ жастары» еркін құрама топтары 1/4 ширек финалда ойынды тоқтатты.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...