Онлайн репортаж. Жоғары лига. Жартылай финал. Екінші күн

Қайырлы таң достар! Бүгін биылғы чемпиондыққа үміткер тағы үш топ анықталатын Жоғары лиганың екінші жартылай финалы. Қолдарыңыз тисе/Астанада болсаңыздар/билет тапсаңыздар кешкі 19-00 де Жастар сарайына келе қалыңыздар! Егер ондай мүмкіндік болмай жатса дәл осы жерде оқиға орнынан онлайн-репортаж жүргізетін боламын. Сіз небәрі обновить деген тетікті басып отырасыз.

Қатысатын топтар:

«Арал Ас» Арал
«Демеушііз Болашақ» Астана
«Альянс» Семей
«Барыстар» Ақтау
«ЖасНар» Алматы
«Күлкі терапиясы» Қарағанды

Кешке кездескенше!

Алмас дым ренжімес, мен онлайнды бастап кеттім. Бұл Editor. Әзірге дым қызық жоқ. Мен келем дегенше редакция бітіпті. Тек, Рүстем шаршап отыр.

Жамбы ату, жамбы ату. Нұрболхан сіздерді қалай күлдірем деп қатты уайымдап тұр.

Астана уақыты 15-55. Ойынға үш сағат уақыт бар. Командалар ақырындап жиналып жатыр.
Альянс Семей

Ақболат жүр, уайым жоқ, қайғы жоқ. Назар аудар финалда, енді тек «кім қарсылас болады» деп күтіп жүр. Өзінің сөзінше, Арал-Ас пен Демеушіміз Болашақ шығуы мүмкін. Бірақ, басқалары да осал емес.

Асыға басып, Айжан да жетті.

Тағы бір финалист келді. Қорқыт құрамасы, Асылхан.

Сөзді өзіне берейік: «Меніңше, финалға Арал-АС өтетіні анық. Сосын Барыстар мен Альянстың біреуі бізге қарсылас атанатын шығар. Дегенмен бәріне сәттілік тілеймін.»

Жұрттың болжамына пысқырып та қарамаған барыс Эльдар, барынша әдеміленіп жатыр.

Ең соңғы редакция басталды. Рүстем бұл сценарийлерді нешінші рет көріп отыр екен?

Мәссаған, безгелдек! Жаңа ғана бүгін сахнаға шығатын жайдарманшылардың ішіндегі «шалды» тауып алдық. Иә, шал дегеніміздің өзі бар-жоғы 26-да. Ол Арал-АС командасының капитаны Төребек Дармағамбетов.

Мда, Төребек шал болғасын, біз де қартайғанымыз-ау. Бұл жігіт туралы кейінірек үлкен бір материал жариялармыз. Әзірге оның 2007-жылдан бері жайдарман ойнап жүргенін айта өтейін. Үйленген, кішкентай қызы бар.

Соңғы дайындық. Арал-АС. Анау жүрген апай роль ойнап жүр ме, әлде шын еден жуушы ма? Оны кейін білерсіздер.

19-00. Жайдарман басталатын уақыт. Бірақ, көрермен енді ғана жиналып жатыр.

Сарапшымыз Aldeken финалға өту мүмкіндігі жоғары командалар ретінде Арал-Ас пен Барыстарды атап өткен болатын. Ал, kozildirik тің не дегенін түсінбедім. Өзінің де басы қатып кетті-ау деймін. )))

Зал толуға жақын. Көрермендер арасында бұрынғы квн-ші, бүгінгі жайдарманшылар өте көп. Осыған орай, маған бір ой келіп отыр. Жайдарманшылар шынымен бақытты екен. Бәріңіздің бірге істеп жүрген істеріңіз, ортақ иделарыңыз бар. Демек, мыңдаған достарыңыз бар деген сөз. Ал «жүз теңгең болғанша жүз досың» болсын деген мақалды жақсы білесіздер ғой.

Қазылар жайғасты. Көрермендер арасынан Нұрлан Қоянбаевты көз шалды. 

Ал кеттік! Есаға бастады. Командалар сахнада:
ЖасНАР — Алматы
Күлкі терапиясы — Қарағанды
Барыстар — Ақтау
Демеушіміз Болашақ — Астана
Альянс — Семей
Арал-АС — Арал

Қазылар алқасы:
Ерлан Малаев
Айбек Қалиев
Марат Достаев
Әділ Ахметов
Мұрат Әбенов

Тақырып: Әлемде талай қызық бар. Жеребе бойынша, ойын шымылдығын ашу Арал-АСқа бұйырды.
Уақыт жоқ команада, жаға жыртыс ойында Ғалым кез-келгеннің жағасын жыртып алуға дайын. Басталмай жатып, көрермен тарапынан қызу қолдауға ие болды. Корей киноларына пародия. Аралдағы мейрамхананың өзі ғажайып. Сенбейсіз бе? Эфирді қараңыз. Айкезбе адаммен бірге ұйықтап көрдіңіз бе? Қандай болатынын Арал көрсетті. Айтыс. Айбек Қалиев күлді. Бәрі әдеттегідей, халық дән ырза, аралдық жігіттер өздеріне өте сенімді. Бір жұмбақ адам командада, оны өздеріңіз көрерсіз.

Күлкі терапиясы. Әдеттегідей тұщымды әзілдерімен бастады. Ғарифул қазақ үшін жанынымды беремін деп жатыр. Капитан өзгеріп кетіпті. Аты Нұрсұлтан. Ол бастаған команда ұтылса әділ-қазыға сын. ))) Қожаның рөліндегі Қайрат Нұртас. Уау, топта гитараны сұмдық ойнайтын жігіт пайда болыпты! Уау сыбызғыны да, мәссаған шаңқобызды да өлтіреді. Ал ең соңғы аспап — ӨРТ!!! Қазақ клиптерінің режиссерлері де сынсыз қалмады. Қарқаралыдан Қазбек би, Нүркен Әбдіров шыққан, тағы кім шыққанын білесіз бе? Білмесеңіз эфирді міндетті түрде қараңыз! ))) Сәтті шықты. Жарайсыңдар!

Айтпақшы, бүгінгі ойын ҚР Президенті жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің қолдауымен өтуде.

Жаснар. Басында достардың ғана әзілдері кіріп жатыр. Басқалар Беріктің туған күнін тойлапты, ал Берік ойынға дайыналыпты. ))) Дархан мен Жомарттың сәби кезінде қандай болғанын эфирден міндетті түрде қараңыз! Емтихан туралы әзіл вице-финистрді шын күлдірді. Инженерлер орта тұста жоғары темпті жоғалтып алғандай болды. Бірақ, видеоқойылымдары залды жарды. Бағасын күтейік.

Альянс. Би. Басқаша болмайтынын өздеріңіз де түсініп отырсыздар ғой. Әлеуметтік желідегі қызықтар. Әр сыныпта болатын оқушы))). Соңғы уақытта Альянстың мәтіндік әзілдері өте жоғары деңгейде! Ақымақ ұрылар, жауыр болған тақырып болса да, күлкілі. Ас үй мен теледидар тұрған бөлменің арасындағы көш сіздің де басыңыздан өткеніне кепілдік беремін.

Демеушіміз Болашақ Тіпті Асан Пердешев айтпайтын ән. Мәдина Сәдуақасова мен Нұрлан Албанның айырмасы не? Әншілерге біраз жебе атылды. Қыздар Нұрболханды командадан қуып жатыр, бірақ Нұрболханның да жауабы бар. Зал құлап жатыр күлкіден! Ақырында қыздардың өздері кетіп қала жаздады командадан. ))) Нұрболханның жаңа қыздарынан бүкіл жайдарманшы ойнауды үйренсе болады.

Барыстар Әдеттегідей қазақы стильде бастады. Амандасқанда ешкімді ұмыт қалдырмаған сияқты. Қысқа әзілдер, шексіз фантазия. Бірін-бірі көре алмайтын қойларды да көрдік. ))) Басы ауырлар басталып еді, ортасына таман күш алды. Өсекшілер сайысынан екінші орын алған апа!!! Зу ете қалды. Аздау болып қалғандай.

Сәлемдесу, ұпай сандары:
Арал-АС 4 4 4 4 4 = 4
Күлкі терапиясы 4 4 4 4 4 = 4
ЖасНАР 3 4 5 5 4 = 4.2
Альянс 4 4 4 4 4 = 4
Демеушіміз Болашақ 5 5 5 5 5 = 5
Барыстар 4 4 4 4 4 = 4

Қоссайыс:
Жамбы ату:

Альянс 0,5
ЖасНар 0,6
Күлкі терапиясы 0,7
Бүгінгі жамбы ату ӨРТ болды!!! Эфирден қараңыз!!! Қарамаған күнә!)))
Ширату
Барыстар 0,8
Демеушіміз Болашақ 0,9
Арал-АС 1
Екі турдан соң:
Арал-АС 5
Күлкі терапиясы 4,7
ЖасНАР 4,8
Альянс 4,5
Демеушіміз Болашақ 5,9
Барыстар 4,8
Ширатуды Ғалым төңкерді

Үй тапсырмасы: Әлемнің сегізінші кереметі

Күлкі терапиясы. Жақсы бастады. «Келін» фильмі Астанада. Ал, осы кезде сахна сыртында

Самат жол полицейі. Күлдіріп жатыр. Сонымен сегізінші керемет қазақ жол полициясы болып шықты.

Альянс екі турдың қорытындысы бойынша соңында келе жатыр. Бірақ, жігіттердің көңіл-күйі жақсы. Бұл да сахна сыртынан түсіп жатқан сурет.

Барыстар «Әлемнің кереметі отбасыда» деп бастады жігіттер. Орта есеппен қазақ отбасысын көрсетіп жатыр. Өз үйіңізді де танып қалуыңыз мүмкін. Негізі үй тапсырмасынан көрі, СТЭМ-ге көбірек ұқсайды. Бірақ, күліп жатырмыз!

Демеушіміз Болашақ. Команда әлемнің сегізінші кереметін іздеп саяхатқа кетті. Реквизиттер мықты. Гринпис сотқа бермесе болар еді. Қыздар тіпті көбейіп кетті. Нұрболхан амазонкалар тайпасына тұтқынға түсіп қалды. Зена естеріңізде ме? Әлгі екі шеңбер лақтырып, жұртты қыратын ше? Ол да жүр мына үй тапсырмасында. Халық тұрып қол соқты.

Альянс. Үш бөлмеде жалғыз тұратын қыз. Бұл да бір керемет. Ол қыздың жігіті келсе ше? Ол кезде қыздың үйінде кішкентай сәби жүрсе… Қарарсыздар.

ЖасНар. Өмір тосын сыйларға толы. Ендеше күн сайын сегізінші кереметті көріп жүрміз. Жаснардың үй тапсырмасының моралі — әкеге өтірік айтпаңдар. Жақсы сценарий.

Арал-АС. Арал-АС ойынға жақсылап дайындалған екен. Олардың осыншама реквизит әкелгенін көрмеппін. Командада қыздар пайда болған. Көретін сценарий. Айтып жеткізуге де болар еді, қиын. )))

Арал-АС 66565 = 5.6
Күлкі терапиясы 6 4 4 5 5 = 4.8
ЖасНар 5 5 5 6 6 = 5.4
Альянс 5 5 4 5 4 = 4.6
Демеушіміз Болашақ 6 6 6 6 5 = 5.8
Барыстар 6 6 5 5 5 = 5.4

Қорытынды:
Арал-АС = 10.6
Күлкі терапиясы = 9.5
ЖасНар = 10.2
Альянс = 9.4
Демеушіміз Болашақ = 11.7
Барыстар = 10.2

Арал-АС пен Демеушіміз Болашақты құттықтай беруге болады.

Уау! УАУ! УАААУ!!! Арал-АС тарихта болмаған оқиға жасауда. Олар өз жолдамаларын ЖасНАРға ұсынды. РЕСПЕКТ!!! Өз биігін алып болған команда інілеріне жол беріп жатыр. Зал тұрып қол соқты!!!

Кешірім өтінеміз, сайтымыз кірушілердің көптігінен аздап «зависать» етіп қалды.

Сонымен финалда:
«Назар аудар» Орал
«Қорқыт құрамасы» Қызылорда
«Демеушіміз Болашақ» Астана
«ЖасНар» Алматы

және резервпен
«ҚазҰУ» Алматы

Айтпақшы, мына бір бүлдіршіндерге түкіріп қойыңыздар. Бүгінгі жайдарманның ең кішкентай ойыншылары.

Қалай ойнағанын эфирден көріп, таң қалатындарыңызға сенімдімін.

Осымен мен де біттім. Күн ұзағына сіздермен бірге болған Editor.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...