Онлайн репортаж. Жоғары лига. Ширек финал. Екінші топ


Сәлем, достар!
Бүгін екінші күн!
Республикалық Жоғары лиганың 1/4 финалдық сайыстарының екінші күні.
Командалар жартылай финалға жолдама үшін таласқа түсетін болады. Кімнің озып, кімнің қалыс қаларын уақыт көрсетеді. Біз тек командаларға сәттілік қана тілей аламыз. Қалғанын «ойын көрсетеді».
Сонымен, ойнайтындар:

«АЭСА», Алматы

 

«Альянс», Семей

 

«Тұңғыш астана», Қызылорда

 

«Күлкі терапиясы»,Қарағанды

 

«Абай даңғылы 8», Алматы

 

«Аграрка сарбаздары», Астана


Қазылар алқасы құрамында:
Марат Достаев, Шыңғыс Бескемпіров, Мұрат Әбенов, Сара Тоқтамымова, Максим Рожин
Жалпы тақырып: «Әлем әдебиеті»
Сайыстар: 1) Сәлемдесу; 2) Бейнесайыс; 3) Әзіл бәйге; 4) Көрініс (СТЭМ)
Шапалақтап алдық, енді бастау күтудеміз!
Командалар сахнада. Бастадық!

«Сәлемдесу» сайысы

Тақырып: «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін»
«Тұңғыш астана» Дауыстары қанша ащы болса да, әндетулерін қоймайды. Баскер Виллей тілін тістеп алды. VII ғасырдағы соғыстан кейінгі марапаттау. Сері жігіт пен Қарлығаштың кезекті кездесуі. Соңында сексеуілді орман туралы.
«Абай даңғылы 8». Брюс Лиден қоңырау. Ребус: «Мен». Твист билеп үйреніп келген. Пойыздан кешіккен жігіт. Хабарлау ерекше. Самат Сымақов көшеде, иә біздің футболшылар. Үш басты айдаһар. «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» тура мағынада)))
«Аграрка сарбаздары». Қазақ тілді орыс Максимнің кей қазақтардан артықшылығы. Әскерден келген жігіттің досына кеңестері. Сабақта түрлі қызықтар бар. Команда тарихындағы ең үздік сәлемдесу
«Күлкі терапиясы». Көктем. Салмақты әзілдері жеңілдеген. Жоқ бірақ, бірден ауыса қоймаған. Неке сарайында күйеу жігіт «жоқ» деуі керек… Тойдан қайтқан ауылдың «суперкеліні». Әдеби арыз жазу. Диананың қазылар алқасындағы ағасы. Соңы үндеумен тәмамдалды: «Қазақ болайық!»
«АЭСА» Ән. Би. Би деймін!!)) Қылмыстық топ та билейді екен ғой. Білмеппіз. Михонды біреу ұрып кетіпті. Ал топтағылар қасынан табыла қоймайды. Ол өте ашулы… Әзілдер: уақыттары жоқ отбасы; міндетсінгіш әкім. Ағаларын сыйлайтын жігіттер екен. Сіздерге де солай жасауға кеңес береді. Әп-әдемі. Әзірге үздік сәлемдесу.
«Альянс», биле, биле!!)) Ұлы тұлғалардың сөздері. Тонаушы болған жігіттің футболшы болуы. Достармен отырыс. Есен Елеукен мен Ерлан Малевты МАИ тоқтатты. Бокстағы келеңсіздік. Адасып жүрген Бекзат Дүйсенов. Концерттегі әуенсіз би. Сөз соңында кеңес: таңдауды дұрыс жасаңыздар!
«Сәлемдесу» бойынша ұпай сандары:
«Тұңғыш астана» 54543 4.2
«Абай даңғылы 8». 43443 3.6
«Аграрка сарбаздары». 55555 5
«Күлкі терапиясы». 55555 5
«АЭСА» 44444 4
«Альянс» 55545 4.8

«Бейнесайыс»

Тақырып: «Жайдарман Pictures ұсынады»
«Абай даңғылы 8» Команданың жеке өмірлері жайында.
«Альянс» Нағыз жігіт қандай болуы керек? Нағыз жігіт, міне, осы видеодағыдай болуы керек.
«Аграрка сарбаздары» Теледүкен. Кітап сату.
«АЭСА» Қылмыстық топ па? Әлде, жайдарман тобы ма?!
«Күлкі терапиясы» Армандай білейік!
«Тұңғыш астана» Кітап оқып отырған команда мүшелері. Ұшқыр қиял.

«Бейнесайыс» бойынша ұпай сандары:
«Абай даңғылы 8» 33333 3
«Альянс» 34444 3.8
«Аграрка сарбаздары» 33343 3.2
«АЭСА» 34444 3.8
«Күлкі терапиясы» 23343 3
«Тұңғыш астана» 34444 3.8

«Әзіл бәйге» сайысы

«Абай даңғылы 8» 21221 1.6
«Тұңғыш астана» 23231 2.2
«Аграрка сарбаздары» 33331 2.6
«Күлкі терапиясы» 22231  2
«Альянс» 22231  2
«АЭСА» 33333  3

Көрініс (СТЭМ)

Тақырып: «Иә бар, не жоқ»
«Альянс» Жаңа бағдарлама: «Ұйықтар алдында». Қонақта «Арай» тобы. Қайрат Нұртас, анасы, Әли Оқапов, тағы Қайраттың анасы. Көрермен кей жерлерінде күлді.
«Абай даңғылы 8.» Қазіргі замандағы «Золушка» ертегісі. Зал тыныш отырып, бір демалып алды.
«Аграрка сарбаздары» Орыс ертегісі желісімен. Жақсы. Көрермен де солай ойлап отыр.
«АЭСА» қылмыстық тобы сейф ұрлаған. Сол сейфті ашу салтанаты. Жақсы. Ұнап жатыр көрерменге.
«Күлкі терапиясы» Әдеби hәм қазақы емхана. Тақырыпқа сай әдемі ойын, әдеттегідей.
«Тұңғыш астана» Клеопатра ханшайымның өзіне жар таңдауы. Бүгінгі ойынның ең үздік көрінісі. Жалпы екі күннің де. Әдемі. 
«Көрініс» бойынша ұпай сандары:
«Альянс» 44443 3.8
«Абай даңғылы 8.» 45443 4
«Аграрка сарбаздары» 44444 4
«АЭСА» 55454 4.6
«Күлкі терапиясы» 45554 4.6
«Тұңғыш астана» 55555 5

ҚОРЫТЫНДЫ

Жартылай финалға тікелей жолдама алғандар:
«АЭСА» 15.4
«Тұңғыш астана» 15.2
«Аграрка сарбаздары» 14.8
Резервте:
«Күлкі терапиясы» 14.6
«Альянс» 14.4
«Абай даңғылы» 12.2

Нәтиже осы. Ертеңге дейін сау болыңыздар!

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...