Онлайн репортаж. Жоғары лига. 1\8 финал. Екінші топ

Сәлем, сәлем, сәлем достар!

Республикалық Жоғары лиганың 1/8 финалдық сайыстарының екінші күні. Бүгінгі ойын кешегіден өзгерек әрі тартыстырақ болатын секілді. Көрейік…) Астаналықтар, кешегі уақытта кешегі жерге келесіздер ғой. Қол тимейтін болса, басқа қалалықтар секілді онлайн репортажымызды оқи отырыңыздар. Ауық-ауық бетті жаңартып қойып…
Қатысатын жайдарман топтары: 

«Экспресс», Ақтөбе

«Демеушіміз Болашақ», Астана

«Аграрка», Астана

«ЖасНар», Алматы

«ҚМУ құрамасы», Қостанай

 

«Тұңғыш астана», Қызылорда


Қазылар алқасы құрамында:
Мұрат Әбенов
Максим Рожин
Айбек Қалиев
Нұрлан Сыдықов
Бахтияр Артаев
Жалпы тақырып: «Халық ауыз әдебиеті»

Командаларға сәттілік!!! Бастадық!!!

«Сәлемдесу» сайысы

Тақырып: «Қанекей, тілім, сөйлеші!»

«Аграрка», Астана «Том және Джерри» мультфильміндегі эпизодтан бастады. Облыс, ауыл және Екібастұз қаласы әкімдері немен айналысатыны. Денис Теннің чемпион болған кейінгі алғашқы күні. Ықылым заманындағы теледидар. Домбыралары дір еткізіп, әзілдері ду күлдірді.
«ҚМУ құрамасы», Қостанай
«Миллион кімге бұйырады?» бағдарламасының жаңа нұсқа. «Қыз қуу». Жақсы ойын. Жұдырық болып, жұмылды да, әп-әдемі ойнап берді.
«Тұңғыш астана», Қызылорда «Менің атым Қожа» қазіргі заманда түсірілсе, онда жарнама болар еді. Театр, қойылым, бір ғана микрофон. Жер — дөңгелек. Иә, Қызылорда ыстық… тіпті, Ташкентегідей екен.
«Экспресс», Ақтөбе Әдемі сөз саптайтын топ, тақырып ашыла бастады. Әуезов ауыл әжелерінен Абай туралы мәлімет жинаған. Футболдың жырын айтты. Ооой, ол жырды тыңдааау керек)) Халықтың сөзін сөйлеп, бір жыл демалған чемпиондар бабында. Керемет ойын.
«ЖасНар», Алматы Бірден әдебиеттен бастап кетті, дәлірек айтсақ Мұқағалидан. Бұл маусым Ертістікі. Абай Шүкіманды қалай «Әйгерім» атап кеткендігін біз білмеппіз., бұл көріністен соң біле жүрейік. «Шын жүректен, әдебиет оқиық, классиканы ұмытпайық!»
«Демеушіміз Болашақ», Астана Динаның туған күні. Командадағылар құттықтады, сыйлықтарын берді. Енді қалғаны Динаны ұзату. Ал, ол ұзату тойы 1/4 финалда. Үйлеріңізге айтып барыңыздар «тойға шақырылдық» деп))
«Сәлемдесу» бойынша ұпай сандары:

«Аграрка», Астана 44444 4
«ҚМУ құрамасы», Қостанай 44444 4
«Тұңғыш астана», Қызылорда 55555 5
«Экспресс», Ақтөбе 54555 4.8
«ЖасНар», Алматы 54544 4.4
«Демеушіміз Болашақ», Астана 55554 4.8

«Бес жаңалық» сайысы

«Тұңғыш астана», Қызылорда 3.2
«ЖасНар», Алматы 2.8
«Экспресс», Ақтөбе 3
«Аграрка», Астана 2.8
«ҚМУ құрамасы» Қостанай 3.4
««Демеушіміз Болашақ», Астана 4

«Бір көрініс» сайысы

Тақырып: «Ел аузынан…»
«Тұңғыш астана» Шахановтың «Шың басындағы оқиғасы» Премьер лига чемпиондарының нұсқасында. Керемет. Көрерменге бұл нұсқа қатты ұнаған секілді. Залдағы овацияға қарай айтсақ))
«ҚМУ құрамасы» Мектеп бітірушілердің кеші қызық. Ал, әлемдегі ееең алғашқы мектеп бітірушілер кеші одан да қызық…
«Экспресс» Қазіргі заманның жастарын еже-ғабыл салтымен үйлендірмекші… ал қалыңдық «жақсы» болмаса, жағдай қалай болар екен?! Оған қоса, әмеңгерлік салты бар дегендей… Жоғары деңгей.
«ЖасНар» Ел аузында жүрген Нью-Йорк қаласындағы шытырман оқиға. Ұрылар. Олар қуып жүрген «жолдас капитандар». Пицца. Сурет. Бір байдың пәтері. Бұл шытырман оқиға қызықты әрі күлкілі сәттерге толы.
«Демеушіміз Болашақ»
«Айтуға оңай» бағдарламасы. Бұл бағдарламада қозғалмайтын мәселе жоқ. Скакалкамен секіріп, аяғын сындырып алған қыздың мәселесі. Мұның бәріне әзіл-қалжыңын қосты. Нәтиже та-ма-ша!!!
«Аграрка» «Айтуға оңайдан» шығып, «Кешкі Жайдарман» бағдарламасына келдік. Қонақта Сон Паскаль. Иә, рас айтам. Кәдімгі қазақстандық-британдық-итальяндық әнші жігіт ше?!)) ҚазАТУ-дың бірінші курс студенті екен ғой ол. Ануар екеуі сұхбаттасты, ойын ойнады, ән айтты. Өте қызық жігіт екен әлгі «инглишмэн ин Аграрка», астаналық команданың ойынын біраз әсемдеп берді.
«Бір көрініс» сайысы бойынша ұпай сандары:
«Тұңғыш астана» 55555 5
«ҚМУ құрамасы» 44443 3.8
«Экспресс» 44455 4.4
«ЖасНар» 44545 4.4
«Демеушіміз Болашақ» 55555 5
«Аграрка» 55555 5

ҚОРЫТЫНДЫ

Ширек финалға жолдама алғандар:
«Демеушіміз Болашақ» 13.8
«Тұңғыш астана» 13,2
«Экспресс» 12.2
Резервте:
«ЖасНар» 11.8
«Аграрка» 11.8
«ҚМУ құрамасы» 11.2

Наурыз айында кездескенше, достар!!! Үшінші және төртінші топтарға болжам жасай отырыңыздар!!!

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...