Салют, достар!
Жоғары лиганың 1/8 финалдық сайыстарының үшнші күні де келіп жетті. Астанада жүргендерің, кешкі сағат 19:00-де Конгресс ХОЛЛға міндетті түрде келіңдер! Шаттана күліп, қызыққа қанып, көтеріңкі көңіл-күймен қайтатындарыңа кепілдік бар. Билеттер баршылық, келесіңдер ғой, иә?!)) Ал, арнайы басқа қаладағылар үшін дәл осы жерде онлайн репортаж жүргізіледі. Айтпақшы, бүгінгі ойында қазақстандық шоу-бизнестің белгілі жұлдыздары өнер көрсетеді. Кім екендерін ойынға келсеңдер, көре аласыңдар….))
Қатысатын жайдарман топтары:
«Сағыз құрамасы», Атырау
«Тек қана қыздар», Алматы
«13 аймақ», Шымкент
«ҚазИИТУ құрамасы, Орал
«Аягөз құрамасы», ШҚО
Қазылар алқасы құрамында:
Мұрат Әбенов
Максим Рожин
Ерлан Малаев
Марат Достаев
Нұрлан Сыдықов
Жалпы тақырып: «Халық ауыз әдебиеті»
Көрермен толық жиналды. Бірер минутта бастаймыз.
Есен Елеукен: «Бар жанарды жаулаған Жайдарман ашық!»
Командалар сахнада. Сәттілік! Бастадық!!!
«Сәлемдесу» сайысы
Тақырып: «Қанекей, тілім, сөйлеші!»
«ҚазИИТУ құрамасы». Жайық жағасынан келген жастар баянмен ән айтып бастады. Полиция, салық комитеті, өрт сөндіру қызметкерлері түнгі 23:00-ден кейін дүкенде. 1952 жылы компартияның кезектен тыс жиналысы. Балалар жоғары лигаға тым асыққан сияқты.
«Сағыз құрамасы» «Атырау- Астана» бағытындағы жүрдек пойыздағы қызықтар. Қыздың ролін сомдайтын жігіттер: үйлесетіні бар, үйлеспейтіні бар. «Қазақстан дауысындағы» Нұрлан Албан көзілдірігінің «құдыреті».
«Тек қана қыздар» Қыздарға гүл сыйлайтын жігіттер мүлде жоқ қазір. Қателесіппіз, бар екен! Залдан бір жігіт шығып, гүл сыйлап жатыр. Дегенмен, ерте қуанып қойған секілдіміз, ол жігітті қыздардың өздері дайындап қойған екен. Бәсе, жоқ ондай гұл сыйлағыш жігіттер.
«13 аймақ» Қуатжанның әдеттегі «әңгімесі». Команда мүшелерін нақтылап таныстыру. Ерте қартайған жастар мәселесі, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Түрге қатысты әзілдер.
«Аягөз құрамасы». Демографиялық жағдайды көтеруге кеңес. Байкерлер жарысы. Ауылға ескі, қысқарған киім беріп жіберетін қалалықтарға ауылдықтардың жауабы.
«Сәлемдесу» бойынша ұпай сандары:
«ҚазИИТУ құрамасы» 44444 4
«Сағыз құрамасы» 44455 4,4
«Тек қана қыздар» 44444 4
«13 аймақ» 54444 4,2
«Аягөз құрамасы» 54445 4,4
«Бес жаңалық» сайысы
1. » Тек қана қыздар» 43332 3
2. «Аягөз құрамасы» 43333 3,2
3. «13 аймақ» 44444 4
4. «ҚазИИТУ құрамасы» 43342 3,2
5. «Сағыз құрамасы» 43444 3,8
«Бір көрініс» сайысы
Тақырып: «Ел аузынан…»
«Сағыз құрамасы» Пшөн ауылда әдебиет пәнінің мұғалімі, алайда жалақысының аздығынан қалаға келіп, басқа жұмыс іздей бастайды. Букмекерлік кеңсеге орналасуды ойлайды, болмайды. Ауылда ағылшын пәні мұғалімінің жалақысы жоғары екен. Сондықтан, ағылшын тілін үйрететін курстарға жазылады…
«Аягөз құрамасы» Көп балалы жанұя өте тар пәтерде тұрса… Үйде артық қимыл жасайтын орын жоқ. Әке-шешенің мақсаты балаларын үйден кетіру, әйтеуір бір жерге жіберу. Орын босау керек қой, енді. Әжелері кеп, ата-ананың тілегін орындап, немерелерін ауылға алып кеткенімен, ата-ананың түсінгені: «Балалы үй — базар, баласыз үй — қу мазар».
«ҚазИИТУ құрамасы» Мектеп бітірушілердің кеші әкімнің баласының үйінде болса… Үй еуропалық стильде, қымбат мүліктермен жабдықталған. Тәрелкенің өзі Франциядан әкелінген, бағасы 500 мыңның «о жақ, бұ жағы». Жас түлектер сол тәрелкені сындырып алды, енді ситуациядан шығу керек.
«Тек қана қыздар»Мерекенің туған күні, 40 жасқа толып жатса… Құрбылары дастархан жайып, қонақ шақырып тойламақшы болады. Қонаққа ертеңгі күні емтихан тапсыратын пәннің мұғалімін шақырады. Шын мәнісінде, Мерекенің туған күні емес және оның бұдан мүлде хабары жоқ. Бұл жай ғана құрбыларының жақсы баға алу үшін жасаған айласы. Бұл айланың быт-шытын шығарып, «туған күн иесі» мұғалімге құрбыларының өтірігін айтып қояды. Алайда, Мерекенің айласы құрбыларынікінен де асып түседі…
«13 аймақ» «Қазақстан дауысы» жобасында қазылар алқасында Қуатжан Базарбаев, ал үміткер Қайрат Түнтектов болса… шынымен өзі болса… Қуатжан: «Сен осы көрінбей кеттің ғой, қайда жүрсің өзі?» Қайрат: «Естімедің бе? Жақында „армияға“ барып келдім. Қазіргі әскер басқаша, бұрын 2 жыл еді, оны бір жылға қысқартты, ал қазір мүлде қысқа 40-ақ күн болсаң болғаны.»
«Бір көрініс» сайысы бойынша ұпай сандары:
«Сағыз құрамасы» 44445 4,2
«Аягөз құрамасы» 54545 4,6
«ҚазИИТУ құрамасы» 44445 4,2
«Тек қана қыздар» 54545 4,6
«13 аймақ» 55554 4,8
ҚОРЫТЫНДЫ
Ширек финалға жолдама алғандар:
«13 аймақ» 13
«Сағыз» 12,4
«Аягөз құрамасы» 12,2
Резервте:
«Тек қана қыздар» 11,6
«ҚазИИТУ құрамасы» 11,4