Онлайн репортаж. Премьер лига. 1\8 финал. Екінші топ

Сәлем, жайдарманшыл достар! Премьер лиганың маусымдағы екінші ойыны бүгін кешкі 18.00-де. Кешікпей келсеңіздер, кешікпей бастаймыз))

Ойнайтындар:

«ХҚТУ тарифы», ОҚО, Түркістан қаласы

«Байдың балалары», Шымкент қаласы

«Арал құрамасы», Қызылорда облысы, Арал ауданы

«Шу-Чу», Жамбыл облысы, Шу

«Боранқұл», Маңғыстау обылысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы

«АЭСА-Ақтөбе», Ақтөбе қаласы

«Қызылжар құрамасы», СҚО, Қызылжар қаласы

«Достар», ШҚО, Семей

«Үржар ауданы әкімінің құрамасы», ШҚО, Үржар ауданы

«Теміржол тарландары», Астана қаласы


Қазылар алқасы құрамында:
Алмас Тоқабаев
Мұрагер Сауранбаев
Алдан Жылгелді
Жарқын Түсіпбекұлы
Нұрмахан Мұқанұлы
Жалпы тақырып: «Кел, балалар, оқылық!»
Шапалақтаудамыз, күлудеміз, айғайлаудамыз эфир үшін бәрі. Бірер минутта бастаймыз!!!
Ал, кеттік!!! Сәттілік!
Сайыстар:
«Сәлемдесу + Көрініс» сайысы. Әдеттегі сәлемдесу мен қысқа көріністік әзілден құрылған сайыс. Ұзақтығы: 7 минут.
«Бес әзіл» сайысы. Жаңа сайыс. Әр командадан бір-бір ойыншы мәтіндік әзіл оқиды. Олардың қарсыластары Жайдарманның көне де қазіргі жоғары лига жұлдыздары. Кімдер екенін кейін айтамыз… Жеребе бойынша әр командаға бір жұлдыздан түседі. Кезекпе-кезек бес әзілден оқылады. Әділ-қазылар алқасы Премьер лига өкілдерінің неше әзілі өтімді болғанын айтады. Әр әзіл 0.2 ұпай.

Бірінші топ

«Сәлемдесу+ Көрініс» сайысы:
1. «АЭСА-Ақтөбе», Ақтөбе
Ақтөбеліктер «Астана-Аренада» емес, «Жастар» сарайында.Асығыс романтик жігіт. Махаббат қызық мол жылдар романының авторы өз үйінде. Оқымысты баланың дене шынықтыру сабағынан баға қойдыртуы. Келін түсіп жатырған отбасы.
Сенімді, жақсы, әдемі.
2. «Теміржол тарландары», Астана Жанкүйерлері көп. Әдемі бастау. Домбырамен. Әдемі әнмен. Қыздары көп отбасы. Ат жарыс. Әдемі би. Жолсеріктердің оқиғасы. Пойыздағы қызықтар. Иә, болашақ жолсеріктердің көрінісі жақсы болды. Қазыларға купеден орын береміз дейді, қойған бағаларына байланысты.
Әдемі ойын. Иә, теміржолдың тарландарына ризамыз біз!!!
3. «Үржар ауданы әкімінің құрамасы», ШҚО Астананың ауа-райын жақсы түсінетін үржарлықтар. Әдебиет пәні мұғалімі сот болып жұмыс жасауы. Кранды жалға беруші. Көрініс: Ананди сериалының көріп отырған әже және немерелері.
Техникалық ақаулар құрбаны болса да, ситуациядан жақсы шықты.
4. «Арал құрамасы», Қызылорда облысы
Араластың ізін жалғаушылар. Мың бір түн ертегісін оқып отырған жас жігіт. Өте сезімтал жігіт. Әңгімені өте жақсы көретін жігіт. Ханның уәзірі датын айтар алдында репетиция жасайды екен. Көрініс: Университеттегі сабақ. Студент лектордың ғашығы. Жас команда болса, керемет ойын
5. «Байдың балалары», Шымкент
Өз стильдерінде әдеммммі ойнап берді. Көріністері әзіл-сықақ театры сарынында қойылды. Мұндай көрініс қоюларының себебі, Шымкенттік жайдарманшылардың «Жайдарманнан» кейін, театр ашып кететін әдеттері бар болғандықтан дейді.
«Сәлемдесу + Көрініс» сайысы бойынша ұпай сандары:
1. «АЭСА-Ақтөбе», Ақтөбе 44657 5.2
2. «Теміржол тарландары», Астана 34544 4
3. «Үржар ауданы әкімінің құрамасы», ШҚО 55654 5
4. «Арал құрамасы», Қызылорда облысы 55565 5.2
5. «Байдың балалары», Шымкент 66665 5.8

«Бес әзіл» сайысы:
1. «Үржар ауданы әкімінің құрамасы», ШҚО қарсыласы — Бақыт Көшен «Аграрка сарбаздары»
2. «АЭСА-Ақтөбе», Ақтөбе қарсыласы — Хамит Ердехан «Арман қала»
3. «Байдың балалары», Шымкент қарсыласы — Мейрамахан Шалқыбаев
4. «Теміржол тарландары», Астана қарсыласы — Рамазан Фаилов
5. «Арал құрамасы», Қызылорда облысы
қарсыласы — Әділет Төлеутаев
«Бес әзіл» сайысы бойынша ұпай сандары:
1. «Үржар ауданы әкімінің құрамасы», ШҚО 0.4
2. «АЭСА-Ақтөбе», Ақтөбе 0.6
3. «Байдың балалары», Шымкент 0.4
4. «Теміржол тарландары», Астана 0
5. «Арал құрамасы», Қызылорда облысы 0.4

Екінші топ

«Сәлемдесу + Көрініс» сайысы:

1. «Боранқұл», Маңғыстау Алғашқы әзілдері әлеуметтік желіде отыратындаға түсінікті болған болуы тиіс: фотобатл. Қонақтар. Сынақ бағдарламасы. Көрініс: Мысықтардың өмірі туралы.
2. «Достар», Семей Релакстан басталды. Ауылдағы тойлардың акустикасы. Жанар Айжанова концерт алдында. Достар мен Жаным бірге. Көрініс: Мектеп директорының мұғалімдермен жиналысы. Қысқарту шарасы. Міндетті түрде біреуі жұмыстан шығуы тиіс.
Семейлік дәстүр бүгін де жалғасуда.
3. «Қызылжар құрамасы», Петропавл Қызылжардан келген жалғыз команда. Демеушілерімен бірге келген. Хм… демеуші ғой. Сахнаға шықты. Әңгімесінен жіберді. Қайтесің енді, демеуші ғой))
4. «Шу-чу», Шу Әкімшіліктің алдындағы жалаулар. Қазақи иттер. Астана жүрген Шудың ақыны. Көрініс: Шулық бір жігіт екінші бір жігіттің жеріне егін егіп кетеді. Шыққан егінге таласып, дауды шешуге биге келеді.
Қайрат Нұртас пен Заттыбекті ажырата алмайтын Шулықтар әп-әдемі ойгаған секілді.
5. «ХҚТУ тарифы», Түркістан Команда премьер лигаға қайта оралды, ал командаға Жайнар оралды. Әртістік қабілеті жоғары жігіт. Хатико есімді жігіт. Көрініс: Дене шынықтыру сабағы. Мұғалімге қатты ұнағысы келетін қыз.

«Сәлемдесу+ Көрініс» сайысы бойынша ұпай сандары:
1. «Боранқұл», Маңғыстау 66755 5.8
2. «Достар», Семей 77756 6.4
3. «Қызылжар құрамасы», Петропавл 21222 1.8
4. «Шу-чу», Шу 67575 6
5. «ХҚТУ тарифы», Түркістан 56654 5.2
«Бес әзіл» сайысы
1. «Шу-чу» Шу қарсыласы — Мейіржан Алтыбаев
2. «Қызылжар құрамасы», Петропавл — Ернар Боранғалиев
3. «ХҚТУ тарифы», Түркістан Мейрамхан Шалқыбаев
4. «Достар», Семей Бекзат Дүйсенов
5. «Боранқұл», Маңғыстау Бұқар Марат

«Бес әзіл» сайысы бойынша ұпай сандары:
1. «Шу-чу» Шу 0.4
2. «Қызылжар құрамасы», Петропавл 0.2
3. «ХҚТУ тарифы», Түркістан 0.4
4. «Достар», Семей 0.2
5. «Боранқұл», Маңғыстау 0.2

1/4 финалға жолдама алғандар:
Байдың балалары 6.2
АЭСА-АҚТӨБЕ 5.8
Шу-чу 6.4
Боранқұл 6
Достар 6.6
Резервте:
Арал құрамасы 5.6
ХҚТУ тарифі 5.6
Қызылжар құрамасы 2
Теміржол тарландары 4
Үржар ауданы әкімінің құрамасы 5.4

Сайыс аяқталды. Ертең қайта жолығамыз. Соңғы ондық сайысқа түседі.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...