Онлайн репортаж. Премьер лига. 1\8 финал. Үшінші топ

Қайырлы күн!
«Соңғы түйенің жүгі ауыр» деген, бүгінгі соңғы ондықтың жүктерін қайдам, алайда әзілдері «салмақтырақ» болады деген сенімдеміз.
Үш күндік сайыс қорытындысы бойынша ширек финалға тікелей жолдама алған он бес (әр топтан бес команда) командамен қатар, резервтегілер қатарынан үшеуі таңдалады.
… кешкі 18:00-де «старт» басамыз))

Ойнайтындар:

«Мардан Ұландары», ОҚО, Шымкент

«Ақмешіт құрамасы», Қызылорда

«Қармақшы құрамасы», Қызылорда облысы

«Алмалы», Алматы қаласы

«Жаңаөзен жастар құрамасы», Манғыстау облысы Жаңаөзен қаласы

«Есте Қалар», БҚО, Сырым ауданы

«Рудный құрамасы», Қостанай облысы, Рудный қаласы

«Үш жүз», Көкшетау қаласы

«Алаш Ұлдары», Семей қаласы

«Астана құрамасы», Астана қаласы


Қазылар алқасы құрамында:
Қанат Әлжапбаров
Жарқын Түсіпбекұлы
Алдан Жылгелді
Жандарбек Бұлғақов
Нұрмахан Ахметов
Жалпы тақырып: «Кел, балалар, оқылық!»
Қазылар жайғасты.
Шапалақтаудамыз, күлудеміз, айғайлаудамыз.
Бірер минутта бастаймыз!!!
Командалар сахнада!!! Жанкүйерлері көп «Қармақшы құрамасы». Сәттілік тіледік!
Сайыстар:
«Сәлемдесу + Көрініс» сайысы. Әдеттегі сәлемдесу мен қысқа көріністік әзілден құрылған сайыс. Ұзақтығы: 7 минут.
«Бес әзіл» сайысы. Жаңа сайыс. Әр командадан бір-бір ойыншы мәтіндік әзіл оқиды. Олардың қарсыластары Жайдарманның көне де қазіргі жоғары лига жұлдыздары. Кімдер екенін кейін айтамыз… Жеребе бойынша әр командаға бір жұлдыздан түседі. Кезекпе-кезек бес әзілден оқылады. Әділ-қазылар алқасы Премьер лига өкілдерінің неше әзілі өтімді болғанын айтады. Әр әзіл 0.2 ұпай.

Бірінші топ

«Сәлемдесу + Көрініс» сайысы:

1. «Ақмешіт құрамасы», Қызылорда
Кел, балалар, оқылық әні. Қақпа алдында тұрған хан… футбол қақпассы алдында. Ауыл жастарының көңіл көтеруі. Адам танымай кеткен әке. Мақта қыз ертегісіне тағы бір кейіпкер қосылған. Ол кейіпкер — полиция қызметкері. Футболшылардың мерекелік кеші. Тойға кеткен кезде көршілерімізге балаларымызды тастап кетеміз. Алайда, олардың қалай бағатынын біз білмейміз. Қалай бағатыны осы топ көрінісінде.
2. «Жаңаөзен жастар құрамасы», Жаңаөзен
Әдемі ән. Ауылдың талантты жастары екен, таныстық. Өмірден түңілген жігіт. Өзін жоғары бағалайтын өрт сөндіруші. Есен Елеукеннің кішкентай кезі. Екі құдандалы таксист, жолаушы таласуда. Трейлер:«Вахтёрша апай». Көрініс: Жаңаөзендік махаббат. Мұнай мен газдың махаббаты. Өз жерінде бірге болуды қалайды, алайда үйдегілердің кесірінен бірге емес. Иә, өзекті тақырыпты қозғады. Зал жақсы қабылдады.
3. «Алаш ұлдары», Семей
Әнді көрінген жерде айтпайтын Сырым. Айбек Нұғымаровтың жуынуы біртүрлі екен. Жеңіл атлетикамен айналысатын қыздар. Ерекше хабарлау. Ағылшын тілі пәнін осылай оқыған едік. Достарды әңгімелесулері, барлық жігіттер осылай сөйлеседі. Лифтте тұрып қалған қыз бен жігіт. Балалық шақтан көрініс. — ііі, Дәкөнәй, кім баласысың сен? — Иттің баласымын….))
4. «Рудный құрамасы», Рудный Соколов-Сарыбай кенінің жұмысшыларының түсіп жатқан телехикаясының кезекті сериясы. Мұрны ағып тұрған баланың мұрнын сүрту. Фигурасын жоғалтқан жігіт. Өзге планеталық досын анасына таныстыра алмай жатқан жігіт. Әдебиет пәніндегі қызық. Рудныйлықтардың бір күндік өмірінен көрініс. Залдың қабылдауы қиындау болды не бұлардың залға қабылдатуы қиындау болды.
5. «Мардан ұландары», Шымкент Команда мүшелеріне бір-бірден полиция қызметкері тиісуде. Түрі тозып кеткен балаға да тиісті, жалғыз қызды да тергейді.
Анекдотшы баскетболдан бапкер болғанда да, анекдотты қоймайды екен. «Қыз ғұмыры» телехикаясында әуеннің қасиеті. Елорданы әдеби шығармаларымен сипаттау. Көрініс: «Таңғы студия» бағдарламасы. Қонаққа «Түнгі студиялық» Дәулет Бижанов.
Ұзақ болып кеткені болмаса, жақсы.
«Сәлемдесу + Көрініс» сайысы бойынша ұпай сандары:
1. «Ақмешіт құрамасы», Қызылорда 64454 4.6
2. «Жаңаөзен жастар құрамасы», Жаңаөзен 65666 5.8
3. «Алаш ұлдары», Семей 66555 5.4
4. «Рудный құрамасы», Рудный 53444 4
5. «Мардан ұландары», Шымкент 64455 4.8
«Бес әзіл» сайысы:
1. «Рудный құрамасы», Рудный қарсыласы Мейрамхан Шалқыбаев.
2. «Алаш ұлдары», Семей қарсыласы Максим «Аграрка сарбаздары»
3. «Мардан ұландары», Шымкент қарсыласы Айжан Байкен
4. «Ақмешіт құрамасы», Қызылорда қарсыласы Қасиет Кәрім
5. «Жаңаөзен жастар құрамасы», Жаңаөзен қарсыласы Хамит Ердехан

«Бес әзіл» сайысы бойынша ұпай сандары:
1. «Рудный құрамасы», Рудный 0.6
2. «Алаш ұлдары», Семей 0.4
3. «Мардан ұландары», Шымкент 0.4
4. «Ақмешіт құрамасы», Қызылорда 0.2
5. «Жаңаөзен жастар құрамасы», Жаңаөзен 0.2

Екінші топ

«Сәлемдесу + Көрініс» сайысы:

1. «Есте қалар», Орал Тақырыпты ашуға тырысуда. Айлакер жігіттер қызбен өздерінше ерекше танысады екен. Балабақшадан інісін алып келе жатқан бала. Үш рет үйленген ағамыз төртінші рет үйлену үшін неке сарайында. Көрініс: Пушкин мен Дантестің дуэлі оралдықтар нұсқасында.
СоңынДА әдемі рэп.
Жақсы ойын көрсетуге тырысқан секілді.
2. «Астана құрамасы», Астана Құрамда ойыншы көп. Перзентхана алдындағы жағдай. Үйлену тойында қалыңдыққа қатысты ыңғайсыз жағдай. Көрініс: Махаббат есімді қыздың туған күні.
Жақсыға жақын.
3. «Үш жүз», Көкшетау Белгілі ақындардың өлең сөздерінен ән. Бастама тақырыпқа сай. Қазақ және орыс биатлоншыларының сүйікті әндері. Ауылдан қалаға келген қыздың самсунг телефонына келген хабарлама дыбысын өз тарапына ысқырық ретінде қабылдайды екен.
21 ғасырда Қыз Жібек батырларды жекпе-жектен емес, интернеттегі дауыс санымен таңдар еді. Әзілқой қалыңдық құрбыларын алдайды. Мортал Комбат ойынын салт-дәстүрді дәріптейтіндей етіп өңдеуге болады. Фаталити — беташар.
Әп-Әдемі.
4. «Алмалы», Алматы Жай-дар-ман-да Ал-ма-лы!!! Команда құрамындағы Ермек залда отырған сүйіктісіне үйленуге ұсыныс білдіріп жатыр. Ал, сүйіктісі «жоқ» деп романтиканың быт-шытын шығарды. Сол романтиканы қалыпқа келтіруге тырысуда…
Керемет. Зал өте жақсы қабылдады. Қошеметті аямады. 
5. «Қармақшы құрамасы», Қызылорда облысы
Бірінің сөзін бірінің аузынан іліп алып кетіп жатыр. Шах- пах… пах- пах… тақ-тақ)))
Сахарада концерт беріп жатқан Қайрат Нұртас. Қыздары тастап кеткенде жігіттер де қайғырады екен ғой. Жайдарманда Қайрат Нұртас туралы көп әзіл айтылатынына өзі өте қатты ызаланады. Жайдарманшыларды бұл үшін жазалауды ойластырады. Сондықтан, абайлаңыздар, қымбатты жайдарманшылар!
Қар-мақ-шы! Қар-мақ-шы! Залдағы дауыстар ғой))күлкіні қалай жеткізерімді білмей отырғаным))
«Сәлемдесу + Көрініс» сайысы бойынша ұпай сандары:
1. «Есте қалар», Орал 43543 3.8
2. «Астана құрамасы», Астана 64455 4.8
3. «Үш жүз», Көкшетау 54445 4.4
4. «Алмалы», Алматы 67667 6.4
5. «Қармақшы құрамасы», Қызылорда облысы 77666 6.4
«Бес әзіл» сайысы
1. «Үш жүз», Көкшетау  қарсыласы Әділет Төлеутаев
2. «Алмалы», Алматы қарсыласы Ернар Боранғалиев
3. «Есте қалар», Орал қарлысасы Хамит Ердехан
4. «Астана құрамасы», Астана қарсыласы Бекзат Дүйсен
5. «Қармақшы құрамасы», Қызылорда облысы қарсыласы Мейрамхан Шалқыбаев

«Бес әзіл» сайысы бойынша ұпай сандары:
1. «Үш жүз», Көкшетау 0.2
2. «Алмалы», Алматы 0.4
3. «Есте қалар», Орал 0.2
4. «Астана құрамасы», Астана 0.2
5. «Қармақшы құрамасы», Қызылорда облысы 0.2

1/4 финалға жолдама алғандар:
Алмалы 6.8
Қармақшы құрамасы 6.6
Жаңаөзен жастар құрамасы 6
Алаш ұлдары 5.8
Мардан ұландары 5.2
Резервте:
Астана құрамасы 5
Ақмешіт құрамасы 4.8
Рудный құрамасы 4.6
Үш жүз 4.6
Есте қалар 4
Қазылар алқасы шешімімен резервтегі командалардан ширек финалға жолдама алғандар:
Сырдария құрамасы, Арал жастар құрамасы, Болашақ VIP
Нәтиже осы. Ширек финалда кездесенше, достар!!!

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...