Естіп жатқан боларсыз, қымбатты көрермен, жақында республикалық Премьер лиганың финалы. Дәлірек айтсақ, 14 қараша күні сағат 18:00-де. Әдеттегідей, Астана қаласы «Жастар» сарайында, ол да дәлірек болсын десеңіз, Республика даңғылы мен С. Сейфуллин көшесінің қиылысындағы ғимарат.
Бұл финал — Премьер лиганың оныншы чемпионатының финалы. Республикалық деңгейдегі лигалар ішінде Премьер лига дәрежесі бойынша екінші лига, әрине Жоғарыдан кейін. Лига ойындары тек үшінші жыл Астанада өткізіліп жатыр, бұған дейін Алматыда еді. Жүйе бойынша финалда жүлделі орын иеленген командалар келесі маусымда Жоғары лига чемпионатына түседі. Тіпті, кейде финалистердің барлығы да «жоғары жаққа кетуі мүмкін», алайда соңғы шешім «Маусымашар» фестивалі еншісінде. Осыған дейін осылай болып келген, келесі жылы өзгерістер болады. Бұл туралы толығырақ кейінірек…
Жарайды, «Жайдарманның» шынайы жанкүйері болсаңыз, мұның бәрін білу керексіз)) Ал, биылғы финалистер жайында білмейтін жәйттер болып қалуы мүмкін. Бұл олқылықты жояйық.
Жартылай финалдағы сәлемдесу, «егер …, онда …», жұлдыз жайдарманшымен көрініс сайыстарының қорытындысы бойынша финалдық бәсекеге алты команда тікелей жолдама алды: «Фемида», «Тұран», «Достар», «Байдың балалары», «ҚЖУ құрамасы», «Боранқұл».
Жеке-жеке тоқталайық…
«Фемида». Ақтөбенің командасы. Жүргізушінің жерлестері болғаны үшін бірінші тоқталып жатқан жоқпыз, еске түскені)) Премьер лигада екінші маусым. Былтыр финалда ойнаған. Ойнаған… жай ғана ойнаған. Себебі, 4 орын. Биылғы нәтиже одан «ӘЛДЕҚАЙДА жоғары болады » деп болжайды «Жайдарман бақылаушылары». Алдынғы жылдары құрамда тұрақтылық бар еді, биыл тұрақтылық тек бір ойыншыға ғана қатысты болып тұр. Әр ойында әртүрлі ойыншы, өзгермейтін тек Есет Мырзағазиев (суретте ортадағы жігіт). Тұрақты болмаса да, топта ойнап жүрген балалармен таныстыра өтейік: Жасұлан Құрмашев, Азамат Жадырасынов, Жансаят Хамитов, Мереке Жолмырзин, Есет Азимов, Олжас Наурызбаев, Нұртас Әбілғазин, Азамат Бүркітәлі. Қандай құрамда екені белгісіз, әйтеуір 2011 жылы қазан айында команда болып құрылады. Содан бері жеткен жетістіктері төмендегідей:
- Республикалық «Каспий» аймақтық лигасы — III орын. 2012 ж.
- Ақтөбе қалалық Премьер лига — Чемпион. 2012 ж.
- Ақтөбе қалалық Жоғары лига — Вице чемпион. 2013 ж.
- Ақтөбе жазғы кубогы — Бас жүлде. 2013 ж.
- Ақтөбе қалалық СУПЕР кубок — Бас жүлде. 2013 ж.
- Республикалық «Сыр елі» ортылық лигасы — III орын. 2013 ж.
- Қызылорда әкімінің кубогы — Бас жүлде. 2013 ж.
- Республикалық Премьер лига. Финалист.
- Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кубогы — Бас жүлде. 2014 ж.
- «ҚазИИТУ кубогы», Орал қаласы — Бас жүлде. 2014 ж.
- «Жасыбай толқыны» жазғы фестивалі — ІІ орын. 2014 ж.
- Батыс Қазақстан Ашық лигасы — ІІ орын. 2014 ж.
- Ақтөбе қалалық Жоғары лига — Чемпион.2014 ж.
- Шымкент қаласы әкімінің кубогы — ІІ орын. 2015 ж.
- Астана қаласы әкімінің кубогы 2015 ж. «Үздік ойыншы» номинациясы — команда капитаны Есет Мырзағазиев.
Қарсыластарын қорқытатындай жетістіктері бар секілді. Бірақ, қарсыластар да осал емес.
«Достар». Семейлік топ. Әдетте өздерін «шығыстан келген жалғыз достарыңыз» деп таныстырады. Алғаш рет 2013 жылы «Маусымашарда» құрылады. Бірден республикалық дәрежесі бойынша үшінші лига «Алматы» ашық лигасына жолдама алуымен «жай команда» емес екендерін көрсеткен секілді. Әзілдеу бағыттары өзге. Рахаттанып, ешнәрсе ойламай күлуге болатын әзілдер. Көрерменге ұнайды. Былтырғы бағыттары да деңгейлері мүлдем қазіргідей емес еді. Көрермен сұранысы бойынша өзгерді және өзгеріс нәтижелі. Айтпақшы, бұл команданың Жайдарманға деген асқан махаббатын атап өткен жөн. Құрамында өзінің құдалығынан қашып, Алматыдағы ойынға кетіп қалған; тарих пәнінен мұғалім бола тұра, түрлі сылтау айтып жұмысқа бармай, Астанаға ойынға келетін; «Маусымашарға» келу үшін айфонын сатып, әлі күнге дейін жай телефонмен жүрген ойыншылар бар. Команда мүшелері: Олжас Тұрғали, Тлеуғабылов Мадияр, Жұмағалиев Эльдар, Рамазан Мейiр, Қабыкенов Дамир, Серiкқазин Айдос, Хасенов Даурен, Оразов Жасулан.
Құрылғаннан бергі жеткен жетістіктері:
- Республикалық «Алматы» Ашық лигасы — жартылай финалист. 2013 ж.
- Республикалық Премьер лига — жартылай финалист. 2014 ж.
- ШҚО әкімінің кубогы — ІІ орын. 2014 ж.
- Семей қалалық лигасының «Маусымашар» кубогы. 2014 ж.
- Өскемен қаласының әкiмiнiң кубогы «Шығыс Қазақстан құрамасы» құрамында — жеңiмпаз. 2015 жыл.
- «ПМУ кубогы». Павлодар қаласы — бас жүлде. 2015 жыл.
- Семей қалалық, «Ертіс бойы» орталық, республикалық Премьер лигаларында финалда. 2015 жыл.
Тағы бір финалист «Боранқұл». «Ет пен шұбаттан таршылық көрмейміз» дейді, алайда әлі күнге Астанаға не ет, не шұбат әкелгенін көрмеппіз))
Қазақстанның батыс өңірі Маңғыстау облысының Бейнеу деген ауданында Боранқұл деген ауыл бар. Міне, сол ауылдың талантты жастары бірігіп, Жайдарман ойнап жүр. Осы жастарды демеп, қолдау көрсетіп, әр ойынға қиналмай (қаражат жағынан) келуіне ықпал етіп жүрген «Ханкелді және К» ЖШС директоры Мұрат Бақыұлына үлкен алғыс білдіргіміз келеді. «Талабы мол жастарға қолдау көрсететін осындай азаматтардың саны артса екен» деген бір тілек бізде. Ал, команданың өзіне келер болсақ, көрерменнің көзайымына айналып үлгерген. Қалада жүргендерге ауылдағы кездерін еске салатындықтан шығар, көздеріне ыстық көрінетіні. «Қазақстан КВН одағының» анықтама телефонына хабарласып: «Боранқұл қай күні ойнайды?» дейтіндер біршама, әйтеуір)
Енді топ туралы анықтама: 2012 жылы Нұрбол Сағидуллиннің бастауымен құрылады. Бұл команда ойыншылары басқа командадағылармен салыстырғанда жас жағынан өте «ЖАС». Оған қарамастан, жеткендері аз емес: ✓2012 жылы Атырау қалалық лигасы. III орын. Атырау қаласы.
✓2012 жылы Бейнеу аудандық лигасы. Бас жүлде. Бейнеу ауданы.
✓2013 жылы Республикалық «Батыс» орталық лигасы. Бас жүлде. Ақтөбе қаласы.
✓2013 жылы Атырау облыстық көктем кубогы.
Бас жүлде. Атырау қаласы.
✓2014 жылы Республикалық премьер лига. Финалист. Астана қаласы.
✓2014 жылы Облыстық ӨзенМұнайГаз кубогы. III орын. Жаңаөзен қаласы.
✓2014 жылы Маңғыстау облыстық ашық лигасы. II орын. Ақтау қаласы.
✓2015 жылы Жаңаөзен қалалық жазғы кубок. Бас жүлде. Жаңаөзен қаласы.
✓2015 жылы Маңғыстаулық жайдарманның жас жұлдызы Айдос Жөлекешовті еске алуға арналған жайдарман кешінде. Бас жүлде. Ақтау қаласы.
«Тұран Астана». Алдыңғы топпен салыстырғанда нағыз қаланың балалары. Бас қаланың балалары. Ерекшеліктері: өте жақсы билейді. Тіпті, топта кәсіби хореограф ойнайды екен-мыс. Премьер лигадағы алғаш маусымдары болса да, финалда. Нәтиже өте жақсы деуге болады. Жанкүйерлері де бар) Команда туралы қысқаша: 2013 жылы құрылған. Астанадағы «Тұран Астана» университетінің атынан өнер көрсетеді. Құрамында Жүсіпжан Жамаш, Орынбек Тұрғанбек, Шыңғыс Қожабек, Дархан Тойшыбек, Ержан Уәлихан, Нұрислам Жұмағали есімді өте талантты және қарапайым жігіттер. Әзірге, қарапайым, уақыт өте өзгеріс байқалмаса)) Жетістіктері:
●Республикалық Шығыс Орталық лигасы (Ғажайыптар Маусымы 2013) — 3 орын
●Республикалық «Алматы» ашық аигасы (Əдебиет маусысы 2014) — Жартылай финалист
●Астана қаласы Жоғары Лигасы (Əдебиет маусысы2014) — Вице Чемпион
●Республикалық Премьер Лига 2015 — Финалист
●Астана қаласы Жоғары Лигасы 2015 — Финалист
●Қазақ Хандығының 550 Жылдығына орай ұйымдастырылған Екібастұз кубогы 2015 — Бас Жүлде
●Ақмола облысы Маусымашар 2015-16 Фестиваль — Арнайы Жүлде иегері.
Астаналық команда болғандықтан ба, әлде басқа себептен бе белгісіз залдағы жанкүйерлері ең көп осылар. Жанкүйерлер саны жағынан алда жүргендердің бірі шымкенттік «Байдың балалары». Бұл елордадағы шымкенттіктердің үлесіне байланысты-ау. Бұл команда ертеректе басқа атаумен Премьер лиганың чемпиондары болып қойған. Финалистер арасында «ардагер» топ. «Байдың балалары» атауымен жеткен жетістіктерін жаза салайық әзірге, әйтпесе сонау «Корпус В» кезінен бастасақ, мақаламыз тым созылып кететін секілді.
- 2013 жылы — республикалық Премьер лига. Жартылай финалист.
- 2013 жылы — Шымкент қалалық лигасы. ІІ орын.
- 2014 жылы — республикалық Премьер лига. Жартылай финалист.
- 2014 жылы — Көктем кубогы. Бас жүлде.
- 2014 жылы — Арыс қаласы әкімінің кубогы. Бас жүлде
- 2015 жылы — Шымкент қаласы әкімінің кубогы. І орын.
Топтың капитаны Нұрым Досболов есімді жігіт. Ал, құрамы бірнеше өзгерген, финалға келетіндерінің аттарын біле жүріңіздер: Наурыз Рысымов, Азамат Орманбай, Ұлан Мықтыбек, Бақдәулет Сейітжапбаров, Жандос Еламанов.
«ҚЖУ құрамасы» — Қазақ қатынас жолдары университетінің құрамасы. Мәдени астананың өкілдері. Мәдениеттіліктері сахна да, сахнадан тыс та төгіліп тұрады. Сіздерді сый-құрметке лайықты дейтін жалғыз команда. Өздері туралы былай дейді: «2014 жылы желтоқсан айында толықтай құрылдық. Құраманы құрған Еламан, яғни капитанымыз. 2015 жылы Жайдарманның «Маусымашарына» барып біраз белестерді бағындыру мақсатында жолға шыққанбыз. Жол ашылды. Үлкен көзқараспен, біраз ойланумен бізге Премьер лига бұйырды. Жаман емес, финалындамыз. Келе жатқан жолымыз көркейіп, Батыс орталық лигасының финалына да жеткізді. Түйін: «Қынабынан суырылған алмас қылыштай, өткірленуге бел будық». Осы тұста бір жәйтті айта кету керек, «Маусымашар» кезінде олар республикалық Бірінші лигаға жолдама алған-ды. Бірақ, 1/8 финалдық сайыстар әбден жақындаған кезде, премьер лигалық бір топ келе алмайтын болып, Президент шешімімен «ҚЖУ құрамасы» ойынға шақырылды. Шешім оң болған секілді…
Финал ол чемпионатқа түскен 22 команданың 18-і жете алмаған арман. Ең үздіктер таласатын бір кубогі бар және 400 000 теңге сыйақысы бар, сәлемдесу, жамбы ату, үй тапсырмасы деген сайыстары бар, әр жайдарманшы үшін қымбат «чемпион» деген атақ сарапқа салынатын маусымның соңғы ойыны. Бұл ойынға әр топ өзінше бір дайындықта, мысалы «Боранқұл» былай: «Байдың балалары» үшін бастысы қарынның тоқтығы:
«Достардың» әзілдері де, дайындықтары да, өздері де «біртүрлі».
«ҚЖУ құрамасынан тапқанымыз осы статус қана:
«Фемида» мен «Тұран Астананың» дайындығынан мүлде сурет келмеді: олар не суретке түсуге уақыт таппай қызу дайындалып жатыр, не мүлдем дайындалып жатқан жоқ. 14 қараша күні ойында көрерміз, кімнің немен айналысқанын)
Әзірге сіздер мен біздер тек қана болжап қана отыра аламыз. «Кім чемпион?», «Кім үздік ойыншы?», «Кім нешінші орын алады?»… Болжауға ыңғайлы болуы үшін командалардың маусым бойы жинаған ұпай сандарын жазып қояйық:
- «Фемида» Ақтөбе — 9,8 + 13,6 + 14,6 = 38
- «Боранқұл» Маңғыстау — 9,6 + 13,6 + 14,0 = 37,2
- Тұран Астана» Астана — 10,2 + 13 +12,8 = 36
- «ҚЖУ құрамасы» Алматы — 9,0 + 13,8 + 13,2 =36
- «Байдың балалары» Шымкент — 9,6 + 11,4 + 13,2 = 34,2
- «Достар» Семей — 8,0 + 11,4 + 12,8 = 32,2.
Ойынды теледидардан, интернеттен емес, «тірілей» отырып көргісі келетін көрермендер үшін ақпарат: билеттер «Жастар» сарайының кассасында. Анықтама телефоны: 87757631724
Дайындаған: Алуа Қуанова