Әдебиет маусымының аяқталар шағы да таяу. «Соңғы түйенің жүгі ауыр» дегендей, соңғы ойынға командалар да ыждаһаттылықпен дайындалуда. Бұл — финал! Еш әрекет назардан тыс қалмайды! Еш әзіл орынсыз айтылмайды! Жүзден жүйрік деп танылған премьер-лигадағы 6 команда да осал емес! Қайым айтысы ел аузында әлі күнге айтылып жүрген — «ФЕМИДА», әзілдеу бағыттары мүлдем өзгеше «БОРАНҚҰЛ» , өз стильін қалыптастыра алған «ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫ ҚҰРАМАСЫ» Тың серпін жасаған «СЫРДАРИЯ ҚҰРАМАСЫ», Шымшыма әзілді «ҚАРМАҚШЫ» құрамасы, талабы биік «АЛАШ ҰЛДАРЫ» барлығы бір қазанда қайнап, премьер-лиганың бетке шыққан «қаймақтары» десек әбестік емес.
16-қараша! ЖАСТАР САРАЙЫ! Сағат 18.00-де! Тартысты ойынның куәсі болыңыз! Бұл — ФИНАЛ! Мұнда — тек мықтылар!