Премьер-лига финалы

Әдебиет маусымының аяқталар шағы  да таяу.  «Соңғы түйенің жүгі ауыр» дегендей, соңғы ойынға  командалар да ыждаһаттылықпен дайындалуда. Бұл  — финал! Еш әрекет назардан тыс қалмайды! Еш әзіл орынсыз айтылмайды! Жүзден жүйрік деп танылған премьер-лигадағы 6 команда да осал емес! Қайым айтысы ел аузында әлі күнге айтылып жүрген  — «ФЕМИДА», әзілдеу бағыттары мүлдем өзгеше «БОРАНҚҰЛ» , өз стильін қалыптастыра алған «ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫ ҚҰРАМАСЫ» Тың  серпін жасаған «СЫРДАРИЯ ҚҰРАМАСЫ», Шымшыма әзілді  «ҚАРМАҚШЫ» құрамасы, талабы биік «АЛАШ ҰЛДАРЫ» барлығы бір қазанда қайнап, премьер-лиганың бетке шыққан «қаймақтары» десек әбестік емес.

16-қараша! ЖАСТАР САРАЙЫ! Сағат 18.00-де! Тартысты ойынның куәсі болыңыз! Бұл  —  ФИНАЛ! Мұнда  — тек мықтылар!

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...