Дәстүрге айналған алтыншы мәрте республикалық деңгейде өткізіліп отырған Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесі үшін «Жайдарман» фестивалі Семей қаласында талантты жастардың басын қосты.
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген командалар xалықтың көңілінен шыға біліп, ойынды өте жоғары деңгейде өткізді.
ШҚО әкімінің жүлдесі үшін
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы «Сағыз»
Орал қаласы «ҚазИИТУ»
Астана қаласы «ЕҰУ құрамасы»
Шу қаласы «Шу Чу»
Өскемен қаласы «Өскемен құрамасы»
Жарма ауданы «Көңілді жастар»
Семей қаласы «До-Мажор»
Семей қаласы «Шәкәрім құрамасы» бақ сынасты.
Жүлдегерлер:
«Үздік ойыншы» атағына Оралдық «ҚазИИТУ» құрамасының ойнышысы Тлеков Қабдол ие болды.
III орын — Өскемен қаласы «Өскемен құрамасы»
II орын — Жамбыл облысы, Шу қаласы «Шучу» құрамасы
I орын — Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы «Сағыз» жайдарман тобы.
Осындай нәтижемен ойынды қорытындылап, көрермендер мен жайдарманшылар үйді-үйдіге тарқасты. Семейдегі ойын өте жоғары деңгейде өтіп, көрермен көңілінен толықтай шыққанын үйлеріне қайтқылары келмегендіктерінен айқын байқалды.