2013 жылы премьер лиганың чемпиондары атанып, бүгінде жоғары лига сайыстарында өнер көрсетіп жүрген «Тұңғыш Астана» жайдарман тобының мүшесі Рахымжан Әлімбаев шекесі тұрсықтай ұл баланың әкесі атанды! Бүгін, яғни мамыражай мамыр айының 20 жұлдызында жарық дүние есігін ашқан нәрестенің бауы берік болсын! Мінезі де мамыражай, абыройлы, арлы азамат болып ержетсін! Нәрестенің есімі әзірге қойылмағанын да айта кеткен жөн. «Тұңғыш Астаналық» Рахымжан мен Аиданы құттықтай отырып, тұңғыштарыңыздың соңынан ерген бауырлары көп болсын деп тілек білдіреміз!