Таныс болыңыздар: Абылайхан Қасымов

00abbfАбылайхан Тоқтасынұлы Қасымов Республикалық Жоғары лиганың екі дүркін вице-чемпиондары «Ұлттық құраманың» ойыншысы, авторы. 
1991 жылдың шіліңгір шілдесінде өнер ордасы Алматыда дүниеге келеді. Дәл осы қалада туғандықтан болуы керек, өнерге кішкентайынан бейім өседі. Мектеп табалдырығын аттағаннан бастап-ақ музыкалық оркестр құрамында домбыра аспабында ойнайды. Бастауыш сыныпта оқып жүргенінде ән айтқан, бірақ «ақымақтығының» арқасында мұны доғарған))) Гитараны 12 жасынан жетік меңгерген. Кейін есейе келе рэп орындай бастайды. Тіпті, «NGO» атты үш рэпер жігіттен құрылған топтары да болды. 40 шақты ән жазылған. Алматылық жастар арасында кең таралғандары: «Сағыныш», «Сезім», «Сүйесің бе?!», «Оставим чувства», «Давай, забудем». Көше ырғағындағы туындыларының сөзін, кейде әнін де өзі жазады. «Талантты адам барлық жағынан да талантты» демекші, Абылайдың ақындығымен, сазгерлігімен қоса, жазушылығы да бар. 2011 жылы «30 дней счастья» деген орыс тілінде кітап жаза бастайды, бірақ бәлкім жалқаулығынан, бәлкім уақыттың тапшылығынан мұнысы әзірге тоқтап тұр…
Жалпы біз Абылайханды «Жайдарман» арқылы таныдық. Ал, оның жайдарманшы болуы кездейсоқ нәрсе, ол бұл салаға келуді мүлде ойламаған екен. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде 1 курс оқып жүргенінде, группаласы әрі жақын досы Сығаев Нұрперзентпен факультетаралық КВН ойындарының дайындығына келеді. Ойында «Жайдарман ойнау» деген жоқ, жай ғана Нүкеге еріп келе салады ғой, дайындық кезінде бір ойыншыға «былай ойнасаңшы» деп ақыл айтып, басы «бәлеге қалады»)))) Бекзат Дүйсен: «Қане, өзің ойнап көрші»- дейді. Абылай ойнап береді де, командаға алынады, осылайша жайдарманшы болып кетеді…

  • Жайдармандағы жетістіктері: факультетаралық ойындардың төрт дүркін чемпионы, Республикалық Жоғары лигада екі дүркін вице-чемпион.
  • ҚазҰУ-ды 2013 жылы биотехноголия мамандығы бойынша тәмамдаған. Бірақ диплом алған мамандығы бойынша қызмет атқармайды.
  • Бүгінгі күнгі қызметі — «B.A.S production» продюсерлік орталығында автор. «Ду қол шоколад», «ӘзілTube» және «Вузеры» жобаларының авторы.
  • Алматы қалалық 161 гимназияда білім алған, 8-ші сыныпқа дейін «өте жақсы» деген бағамен…))
  • Бала кезінен футболға қызыққан. 1999 жылдан бері «Манчестер Юнайтед» футбол клубының жанкүйері.
  • Отбасында ең кенжесі, арыстай екі ағасы бар. Өзі өте балажан, жақсы әке боларына сенімді. Тұңғышы қыз болғанын қалайды.
  • Әдеттегідей қыздарға құлаққағыс: тәрбиелілік пен шыншылдыққа баса назар аударады. Жарының жұмысына араласпағанын жөн көреді))) Тағам талғап, таңдамайды, пісіріп бергеніңді жей береді. Бірақ сүйікті тағамы: анасы дайындаған ет тағамы.
  • Арманы: режиссер болу

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...