Қызылорда іргесіндегі Қызылжарма ауылдық округінде сексен тоғызыншы жылдың үшінші тамызында Әбілхан ағай мен Ұлбибі апайдың жанұясында шекесі торсықтай ұл-Асылхан дүниеге келеді. Отбасында екі қыздан кейінгі қамшыұстар болғандықтан, ерке өседі, алайда артынан ерген жалғыз інісіне үлгілі аға. С.Әлжіков атындағы №144 мектепті жақсы деген бағамен тәмамдап, 2007 жылы түскен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіндегі оқуын 2011 жылы көк дипломмен бітіреді. 2009 жылы «Мақтаншақтар» командасына салтанатты түрде қабылданып, республикалық деңгейдегі «Жайдармандағы» жолы басталды. Кейіннен топ атауы Есен Елеукеннің ұсынысымен «Қорқыт» болып өзгертіледі, сол сәттен бастап команда тасы өрге домалайды. Асылханның да жұлдызы жана түседі, халыққа талантын мойындатып, үлкен жетістіктерге қол жеткізеді. Солардың бірнешеуін атай кетсек: Қызылорда облысы әкімінің тағайындаған «Сыр үміті» бір реттік шәкіртақысы, 2012 жылы республикалық жоғарғы лиганың «Үздік ойыншысы», облыстық жоғарғы лиганың төрт дүркін «Үздік ойыншысы», қалалық лигада екі дүркін «Үздік ойыншы».
Сүйікті ісі: бірінші ұйқы, екінші ұйқы, үшінші ғаламторды «шарлау».
Жас дарынға сыйлық сыйлаймын деушілеріңіз болса, «Clinic HAPPY» әтірін жақсы көріп қолданады.(қорабы сәбіз түстес)
Қыздарға құлаққағыс: Асылхан шәйді көөөп ішеді және қантсыз, ең сүйікті тағамы анасы дайындаған мәнті, бірақ денсаулыққа пайдалы болғандықтан, сұйық(бірінші) тағамдарды жөн көреді. Сорпа, кеспе, көже пісіре білсеңіз шансыңыз бар)))
Ең жақсы жағы: қарапайымдылығы.
Ең жаман жағы: қызғаншақтығы (дұрыс түсінеміз, бұл жерде материалдық тұрғыдағы қызғаныш емес, сүйіктісі болса өлердей қызғанады екен-мыс)
Бала кезінен халық қошеметіне бөленіп сахнада ән айтуды армандаған, қазір өмір бойы бақытты қылар адал жар жолықса дейді.
P.S.: ТЕГІН ЖАРНАМА. Тойда асаба. Қазақстанның кез-келген аймағына тойға арналған бағдарламамен барады, ең бастысы қымбат емес))