Халықаралық жайдарман ойындарының алғашқы күні жоспарлағанымыздай сәтті өтті. Фестивалдің барлық қатысушылары ашылу салтанатына жиналып, Жастар сарайында арнайы ұйымдастырылған концертті тамашалады.
Түркі тілдес елдерден келген қонақтардың, қазақстандық жайдарманшылардың және әкімдік өкілдерінің қатысуымен өткен салтанатты кешті белгілі жайдарманшылар Ғалымжан Кеңшілік пен Жүсіпжан Жамаш жүргізді. Шара барысында әр елдің жастары бір-бірімен жақыннан танысып, сахнадағы бәсекелестеріне сәттілік тілеумен тарқасты.