Қатты шаршап тұрсам да бүгінгі ойынның әсерінен әлі ұйықтай алмай отырмын. Сондықтан ойын жайлы ойымды жазайын деп шештім. (жазған уақытым түнгі 2 мен 3-тің арасы)
Осыдан 1,5 ай бұрын Есен ағадан финалдың 2 күнге созылатынын оның 7 конкурстан тұратындығын естігенде менде командалардың осыған шыдас беретіндігіне күмән болды. Әдетте жайдарманда командалар толығымен бір ойынды «жыртып» шыққаны сирек кездеседі.
Сонымен 1 күн:
«Жаснар» – бұл команданы алғашқы қадамдарынан жақсы білем. Ойыннан ойынға өсіп келеді. Үнемі түрлі фишкалар ойлап тауып, көз қуантуда. Финалдағы бейнесайыстың фавориті болды. Сәлемдесуі де жақсы болып еді қазылар бағаны төмендетіп жіберді.
Негізі жекелеген командаларға 2 күннің қорытындысы бойынша тоқталғаным дұрыс-ау:)
Негізгі айтқым келгені қазылар алқасының бағалары мен кейбір конкурстар.
Бейнесайыс. Әзіл жағынан «Жаснар», түсірілім жағынан «Назар аудар», идея жағынан «Ұлттық құрама» алда болды. «Қорқыт» пен «Демеушіміз болашақ» та бұл сайыста өнер көрсетті.
Меніңше, қазылар «Назар аудардың» еш кедергісіз көш бастауына барынша септігін тигізгендей. Әрине «Назар аудардың» бағасын көтермелеу арқылы емес, оның финалдағы бірден бір қарсыласы «Ұлттық құрамаға» лайықты ұпайлар қоймауынан. «Назар аудар» осы финалдың бірден-бір фавориті содан кейін «Ұлттық құрама».
Иә, иә, чемпиондық үшін тек осы 2 команда ғана күреседі. 1 күннен кейін осындай ойға келдім. Ұллтық құраманың бейнесайысына керемет деген баға бермесе де жақсы деген бағаға лайықты еді. Ол бағаны Малаев пен Достаев қана қойды. Бірақ, сәлемдесудегі Әбенов мырзаның «жақсы» деген бағасы ертең қорытынды нәтижеге қатты әсерін тигізеді ау. Егер кейбір себептерге байланысты осы 5 қазының бір-екеуі 2 күнгі ойынға келмей қалса ұпайларға қатты әсері тиіп кетпей ме деген сұрақ мазалауда…?!
Бір әуен аясындағы «Қорқыт құрамасы» мен «Ұлттық құрамаға» қойылған бағаларды түсіне алмадым. Құрметті қазылар, оның ішінде Әбенов және Артаев мырзалар, бұл сайыста ән мен бірге әзіл де болу керек. Егер вокалды сайыс болғанда «Қорқытқа» жоғары ұпай қоюға болар еді. Соның өзінде Бекзат Молдабергеновке ғана. Ал бұл команданың әнінде әзіл байқамадым. Бекзаттың даусына әрине сөз жоқ. «Ұлттық құрама» вокал жағын да, әзілді де қамти білді. Ал бағалар залдағы көптеген көрерменді таң қалдырды. Қазыларға айтарым, командалар өз бағасын алсыншы. Меніңше сіздер бірінші күннің өзінде ақ финалдың мәселесін шешіп қойған сияқтысыздар…
Бұл сайыста ең ұтымды ән таңдаған «Назар аудар». Орташа темптегі, бір сарынды ән. Әзілді әнмен әдемі жеткізе білді. Қазылардың бағасына реніш жоқ;) Маралбек Сағынғановтың постынан кейін мен де бұл команда жайлы айтып кетпесем болмас. Маған бұл команданың еңбекқорлығы, ізденімпаздығы қатты ұнайды. 3 жылдың ішінде нағыз пісіп жетілген шағы осы 1-2 ай деп ойлаймын және ары қарай дами түседі деген үміттемін. Бір сөзбен айтқанда дайын тұрған телепроект;)
Менің жорамалым бойынша бұл финал Жайдарман тарихындағы ең әдемі финалдардың бірі болады-ау.
Айтатын сөз көп, қорытынды нәтижені күтейік, содан соң көсілермін:)
Нұрмахан Мұқанұлы