Шабытты маусым чемпионы — Сырдария құрамасы

2017 жылдың 29 қарашасы Жайдарманның “Шабытты маусымының” чемпионы анықталған тарихи күн.”Шымкент жастар құрамасы”, “Байдың балалары”, “Сырдария құрамасы”, “Элемент”, “Сағыз” командалары бақ сынасқан ойында чемпионды анықтау оңайға түспеді. Әзілі мен сөзі келісті, өнері мен дауыстары жарқын командалардың әрқайсысының қайталанбас стильдері мен ерекшеліктері бары сөзсіз.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан команда, “Шабытты маусым” чемпионы – “Сырдария құрамасы”. Әділ қазылардың шешімімен Шабытты маусымның үздік ойыншысы деген атаққа Қуаныш Кеңес (Сағыз құрамасы) ие болды.

Финалдық ойынға Қазақ радиоларының басшысы Мәди Манатбек, белгілі сатирик Көпен Әмірбек, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов, танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бахтияр Мәкен қазылық етті.

Ойын қортындысы бойынша Чемпион “Сырдария құрамасы” 11,5 ұпай жинаса, “Байдың балалары” 11,2 қпайды қандығаларына байлап, екінші орынға ие болды. Олардың артынан “Элемент” 10,9 ұпаймен 3 орынға қол жеткізсе, “Сағыз” командасы 10,2 ұпай еншіледі. Бестікті “Шымкент жастар құрамасы” 9,6 ұпаймен қорытындылады.

Қызықты да тартысты финалдық ойын көрермендер көңілінен шыққаны анық. Ойын бойы көрермендердің орнынан тұрып қол шапалақтауы, сахнадағы команда мүшелерінің көрермендермен көзге жас ала қимай қоштасуы, жанкүйерлердің командаларына берген толассыз қолдауынан Жайдарманның нағыз достық мекені екенін сезінуге болады. Жаңа маусымда да осындай керемет бестік шығатынына сенеміз.


 

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...