Шығыс Қазақстан Облыстық «Маусымашар-2016» фестивалі өтті

Мінекей,  «Тарих» маусымын аяқтап, «Жаңару» маусымына да аяқ бастық. Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан Облыстық «Маусымашар-2016» фестивалі болып өтті. Биылғы маусым аты затына сай болады деген үміттеміз, себебі жаңа жас командалар өте көп. Маусымашарға барлығы 26 команда қатысты. Бірі тәжірибелі, ардагер жайдарманшылар болса, енді біреулері сахнаға алғаш рет қадам басқан командалар болды.  Жас болса да маусымға деген құлшыныстары бірден көрінді. Облыстың түкпір түкпірінен келген командалар өздерінің дайындықтарымен қуантты. Әсіресе көрермендердің есінде қалған командалардың бірі Жарма ауданынан келген кішкентай «Жастар style» командасының жайдарманшылары. Бастауыш сынып оқушылары болса да, сахнада еш қобалжымай,әдемі ойын көрсетті. «Бала тілі – бал» деген рас. Өз жастарына сай әзілдері халықтың көңілінен шықты деген ойдамыз. «Ең үздік мектеп командасы» атты номинация осы бүлдіршіндерге бұйырды.

«Маусымашар 2016» фестивалінде 2015 жылғы маусым бойынша қорытынды жүргізілді. «Тарих» маусымы бойынша «Көрермендер көзайымы» номинациясын Өскемен медициналық колледжінің «Ізбасарлар» жайдарман тобы иеленді.2015 жылғы маусым бойы көрермендер бұл команданы қолдап әр ойынға келген болатын. Жалпы команда мүшелері бұл номинацияны алғандарына өте қуанышты. Команданың беделді ойыншысы Асылтаев Ерасыл «Маусымашар» жайында: «Маған бүгінгі ойын ұнады, командалардың дайындықтары жақсы екен. Әр команданың өзіндік ерекше стилі бар және жаңадан келген командалар жақсы ойын көрсетті. Менің ойымша Маусымашар Жаңа Жыл сияқты, қалай қарсы алсаң солай өткізесің дейді ғой, мінеки Маусымашар жақсы өтті, алдағы ойындар бұдан да жоғары деңгейде өтеді деген ойдамын» деп ойын білдірді.

Келесі номинация «Жыл жаңалығы». Бұл номинацияға Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің «Престиж» жайдарман тобы ие болды. Бұл команданың құрылғанына не бәрі 1 жыл болса да көптеген жетістіктерге жетіп, көрермендердің сүйікті командасына айналып үлгерді. «Престиж» жайдарман тобы Өскемен қалалық лигасында 2 орын иегері атанды, Астана қаласында өткен «Маусымашар-2016» фестиваліне барып республикалық лигаға жолдама алды.

Маусымашар кубогінің иегерлері Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің «Серпін» жайдарман тобы иеленді. Өте позитивты команда, жалпы халық дән риза.

Халық «Маусымашар-2016» фестивалі жақсы деңгейде өтті деген ойда болды. Командалар расымен мықты дайындалғандары көрінді. Облыстық лиганың редакторы Өскемен құрамасының беделді ойыншысы Ғалымбеков Қуаныш өз жұмысына тиянақты қарап, командалардың қателіктері болса түзеп, алғаш рет сахнаға шыққан командаларға сахна мәдениетін, сахнада жүріп-тұруды үйретті.

Халыққа ұнаған командаға келетін болсақ. Біріншіден,  «2000 құрамасы». Өте әдемі команда, бет-әлпеттері жинақы, тиянақты және ойнышылары тәрбиелі, сыпайы балалар екен. Әзілдері де өте орынды, сапалы болды. Өздерін сахнада ұстағандары,жүріс-тұрыстары көзге тартымды. Екіншіден «Қамажай» жайдарман тобы. Қалалық ойындарда көрермендері өте көп, танымал командалардың бірі. Дауыстары әдемі, әуенді команда.

Маусымашар фестивалі бұл мереке. Біздегі мерекелік көңіл күйді халыққа жеткізе алдық деген ойдамыз.

Жайдарманның жайдарлы күндерінде кездескенше, достар!!!

 

 

 

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...