Эфирден соң…


Екінші жартылай финал туралы ойымды ойын эфирге шыққан соң жазайын деп шештім. 

Сонымен, 2 жыл қатарынан финалист атағына ие болған «Альянс» биылғы маусымда жартылай финалист! Бұл команданың жартылай финалдағы ойынына қарап мен бір ғана ойға келдім. «Альянс» демалу керек!(тарап кетпесе әрине) 1-2 жыл демалып барып маусымға оралмаса ойыннан ойынға регресс. 1 жылдың ішінде 3 рет 6 команданың ішінде 6 орын алды. (2012ж. финал 6-орын, 2013ж. 1/8 финал 6-орын, 2013ж. ½ финал 6/орын) Мүмкін мүлдем билемейтін команда боп ораларсыңдар)))

Көп ұлтты Қазақстанның жайдармандағы бейнесі «Күлкі терапиясы». Біраз адам қарағандылықтардың дәл осы ойыны жақсы болғандығын айтып жатты. Бірақ, маған сол баяғы ойындарының қайталауы сияқты көрінді. Жаңалық жоқ! Ойыннан соң Саматқа құрамға қара нәсілді ойыншыларды ал деп ұсыныс айттым))) Келер маусымда жаңа құрамда күтеміз)

Эльдардың атышулы постынан кейін «Барыстарға» бірдеңе деуге қорқып қалдық қой)) Күлкі терапиясының артынан қойғаныма Эльдар ренжи қоймас))) Бұл жігіттер де «Альянс» сияқты демалғандары дұрыс. Ойларын жинақтап, жайдарманға сырт көзбен қарап, жаңа көзқараспен қайта оралса жетістікке жетуі мүмкін) Өйткені, Зеңгі баба туралы әзілді анау-мынау команда жаза бермейді! «Жыл әзілі» атағына лайықты!!!

Әр детальді назардан тыс қалдырмайтын команда ол «Жаснар»! Бұл жігіттерге жоғары лига сахнасында сенімділік жетіспеуде. Соған қарамастан бара-бара астаналықтардың да бұл командаға махаббаттары оянып жатқан сияқты)) Өз басым ойын нәтижесі жарияланбас бұрын дәл осы команданың финалға шыққандығына сенімді болдым, өз күшімен әрине))) Бірақ олар финалға «Арал-АСтың» сценариі бойынша шықты.

Өзінің мықтылығын осыдан 2 жыл бұрын дәлелдеген «Арал-АС»! Бұл жігіттерде прогресс бар, осы маусымдағы ойындарын ғана қарайтын болсақ әрине))) Төребек, Ақылбек, Ғалым, Данияр. Чемпион болған осы керемет «төрттік» сахнада бірге болмаса жігіттердің ойыны да жүрмейтін секілді. Жартылай финалға аудио фишкаларымен келіпті. Ұнады. Бірақ, бәрібір баяғы «Арал-АС» емес! Чемпион болу қиын, ал оны ұстап қалу одан да қиын! Жігіттер ұстап қалуды жөн көрді. Сондықтан, өз орнын «Жаснарға» бергендері орынды деп ойлаймын.

Жартылай финалдан соң «Демеушіміз болашақты» мақтамаған жан аз болды. Мен де солардың қатарынанмын. Мақтауға тұрарлық ойын көрсетті. Бірақ, үй тапсырмасының шикілеу болғандығын атап өткен жөн. Идея ұтымды болды. Нұрболханның өзіне көмектескендерді «мойындамайтын» әдеті бар екен. Сондықтан оған айтарым, шын мықты болсаң финалға өз күшіңмен дайындал)))) Әй бірақ, олай істемейсің ғой сен)))

Жалпы жартылай финалистердің бәріне ортақ кемшілік ол – сұрақ-жауап сайысына дайындалмау. Сұрақ-жауап, тек сахнадағы импровизациядан тұрмайды, оған ойынға дейін дайындалу керек. Сұрақ-жауапқа дайындалудың кеееееең тараған бір ғана жолы бар, ол – штурмовка! Осыны ескеріңдер!

Және бір айта кететін нәрсе жоғары лиганың жартылай финал сайыстары премьер лигадан әлсіз өтті. Иә, жоғары лигалықтар, арттарыңнан еріп келе жатқандар басып озбасын десеңдер дайындыққа салғырт қарамаңдар:)))

Басқа айтарым жоқ, маған өкпе болмасын;)

Нұрмахан Мұқанұлы

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...