2017 жылы 30 маусым күні Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының Үлкен Нарын ауылында дәстүрлі VII Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кубогіне арналған республикалық «Жайдарман» сайысы өтті.
Ойынға Алматы, Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары мен шығысқазақстандық командалар бақ сынады. Ойын қорытындысы бойынша Бас жүлдені «Семей құрамасы», І орынды Батыс Қазақстан облысының «Орал құрамасы», ІІ орынды — Абай ауданының «Рахмет» командасы, ІІІ орынды — Алматы облысының «Шапалақ» құрамасы иеленді. Сонымен қатар, Арқалықтан келген «Ару.kz» командасы Катонқарағай ауданы әкімінің арнайы сыйлығына ие болса, «Үздік ойыншы» «Элемент» командасының капитаны Эльдар Жұмағалиев атанды. Барлық қалған қатысушы командаларға қаржылай ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Ойынды әдеттегідей «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Президенті Есен Елеукен жүргізді. Көрермендер де қатысушылар риза болды бұл шараға.
Жайдарманшылар үшінтек сайыс қана емес, керемет демалыс болды. Қатонқарағай өлкесінің әсем табиғатында сүйікті «Жайдарман» ойындарын өткізу есе-есе артық рахат сыйлайды екен.