Халықаралық жайдарман фестивалінің 2-күні де қызыққа толы өтті. Әр елден жиналған қатысушыларға арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара жоспар бойынша қонақтарды Нұр-Сұлтан қаласының орталығындағы зәулім ғимараттарын аралатып, таныстырумен басталды. «Бәйтерек» пен «ЭКСПО» кешендерін, Ұлттық музейді және мәдени ғимарат саналатын театрды тікелей тамашалады. Бұл экскурсия қазақ халқының салт-дәстүрлері дәріптеліп, тарихына көз жүгіртіп, мәдениет және әдебиетінен сыр шертуге сеп болды.