Қостанай КВН филиалы

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ «Қостанай КВН» филиалы 2009 жылы 25 қыркүйекте филиал ретінде тіркелген. 2009 жылдан бері бейресми түрде жұмыс істеп келеді. 2009 жылдан бері Бәкір Марғұлан Абдоллаұлы филиал директоры қызметін атқарып келеді. Филиалды құру оңай болғанымен, жұмысының бірден алға басуында біраз кедергілер болды. 2010 жылы алғашқы ресми лига ойындарының бірінші маусымы өткізілді. Сәуір айында басталған алғашқы маусымға облыстан 16 команда қатысып, әупірімдеп жүріп маусымды аяқтады. Облыстың алғашқы чемпиондары Арқалық қ. «Сөз жетпес» командасы атанды. Келесі жылы 2 маусымды бірлестік Президентінің жеке қадағалауымен бастады, маусымға 36 команда келіп тіркелді. Сол жылдан бастап, облыстық 2-ші жастар лигасы пайда болып, оның ойындары Рудный қаласында өткізілетін болып шешілді. 2-ші маусымның фестивалінен кейін ұйымдастырушылар арасында түсінпеушіліктер туындаған соң, қиындықтар одан әрі көбейе түсті. Сөйтіп, қырғи қабақ қарым-қатынаспен ол маусымды да аяқтады. Маусым қорытындысы бойынша облыстық «Жоғарғы лига» ойындарының чемпиондары Арқалық қ. «Ұландар» командасы атанды және сол жылдан бастап, лига ойындарының сапасын арттыру мақсатында облыстық «Жоғарғы лига» ойындарына еліміздің басқа да, қалаларынан командалар қатыстыру заңы қабылданып, өзге облыстардан 5 команда шақыртылды. Бұл лига ойындары үшін, командалар үшін үлкен нәтиже берді. Облыстық жастар лигасының чемпиондары Амангелді ауданы «Жүгірмектер» командасы атанды. 2-ші маусым аяқталысымен филиалдың жұмыстарында және лига ойыншылары мен ұйымдастырушылардың қатысуымен облыс көлемінде талас-тартыстар болды, ұйымдастырушылар 2-ге бөлініп, саяси тілмен айтқанда «Азамат соғысы» болды (1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліс кезінде, Торғайдағы Амангелді Имановқа, Ақтөбеден Әліби Жангелдин қару-жарақ тасып көмектескендей), бірлестік тарапынан филиалдың аренада қалуы үшін тартыстарында үлкен көмегі тиді. Таластар онымен шектелмей, мемлекеттік тапсырыс беруші, облыстық әкімдік, қалалық әкімдіктердің араласуына дейін жетті. 3-ші маусым басталар уақытта келді, бұл тартысты пайдаланған өзге тілді лигаларда бұл жағдайды өз пайдаларына шешу үшін, олар да араласа бастады. Мемлекеттік сатылымдар байқауының қорытындысы бойынша, облыстық Жас Отан қорының жеңісімен аяқталып (ол кездері филиалдар мемлекеттік тапсырыстарға қатыса алмайтын), Жас Отан қорының қолдауымен 3 маусымды бастады. Бірлестіктің бұйрығымен сол жылдан бастап облыстық «Жоғарғы лига» ойындарының редакторы болып Кәрім Қасиет тағайындалды. 3-ші маусымға облыс көлемінен 48 команда келіп тіркелді. Сол жылдан бастап, облыста ресми 3 лига жұмыс істей бастады: Жоғарғы, Солтүстік, Оңтүстік. Маусым қорытындысы бойынша «Жоғарғы лига» ойындарының чемпиондары А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «ҚМУ құрамасы» жайдарман тобы атанды, «Солтүстік лига» ойындарының чемпионы Рудный қ. «5 саусақ» ж.т. атанса, «Оңтүстік лига» ойындарының чемпионы Арқалық қ. «Ару.kz» ж.т. атанды. Кезекті 4-ші маусымның басы филиал үшін, облыстық Жайдарман үшін жағымды жаңалықпен бастау алды. Республикалық «Маусымашар-2013» фестивалінің қорытындысы бойынша «ҚМУ құрамасы», Республикалық «Жоғарғы лига» ойындарына жолдама алды, бұл филиалдың тарихындағы алғашқы команда болатын әзірге. Облыстық маусымға 64 команда келіп тіркелді. Облыстық ресми лигалар өз жұмыстарын жалғастырды. 2014 жылдан бастап, Облыстық филилал Облыстық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен «Жайдарлы жастар» ҚҚ қолдауымен тікелей жұмыс істеп келеді. Сол жылы филиал атынан алғаш рет Республикалық «Жасыбай толқыны» фестиваліне ҚМУ құрамасы қатысып, бірлестік Президентінің арнайы жүлдесіне ие болды. Маусым қорытындысы бойынша, «Жоғарғы» лига чемпионы Арқалық қ. «Торғай облысы» ж.т. атанды, «Жастар» лигасының чемпионы А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ Заң факультетінің «Заңгер» ж.т. атанып облыстық «Жоғарғы» лига ойындарына жолдама алды және «Мектеп» лигасының чемпиондары Арқалық қ. «Қошақандар» ж.т. атанды. 2014 жылы филиал өзінің 5 маусымын бастады, маусымға 74 команда тіркелді, ресми лигалардың жұмыстарына қоса, филиал өз тарихында алғаш рет, арнайы жобалар: Облыстық «Жазғы кубок», Облыстық жайдарманның «Туған күні» өткізді. Сол жылдан бастап, Облыстық мектеп лигасының ойындары облыс орталығына көшіріліп, «Облыстық Жайдарлы Жас Ұлан лигасы» деген атқа ие болды.

2012 жылғы маусымның жеңімпазы «ҚМУ құрамасы» 2013 жылы Республикалық «Жоғарғы лига» ойындарына жолдама алды және Рудный құрамасы жайдарман тобы Республикалық «Премьер лига» ойындарына жолдама алды. Биылғы жылы да, осы жетістіктерімізге қол жеткіздік.

«Қостанай КВН» филиалы бойынша 5 лига жұмыс жасайды: Облыстық «Ашық» лига, Облыстық «Жастар» лигасы, Облыстық «Жайдарлы Жас Ұлан» лигасы, Арқалық қалалық лигасы, Амангелді ауданы лигасы. Филиалдың биылғы маусымына жалпы облыс бойынша 74 команда тіркелген және қала, аудан лигаларының  20 командалары бар. Республикалық деңгейде 5 команда өнер көрсетеді.

«Жоғарғы» лига – ҚМУ құрамасы;

«Премьер» лига – Рудный құрамасы;

«Орталық» лига, Қарағанды қ. – Депутат ж.т.;

Ақмола облысының лигасы – Сөз жетпес, 5 саусақ.

Филиал қызметкерлері туралы мәлімет:

1) Бәкір Марғұлан Абдоллаұлы. 

Туған күні: 1988 жыл 30 қыркүйек.

Білімі: жоғары

Қызметі: «Қостанай КВН» филиалының директоры.

2) Әлкебаев Бақытжан Абайұлы.

Туған күні: 1992 жыл 11 қыркүйек.

Білімі: жоғары

Қызметі: «Облыстық Жайдарлы Жас Ұлан лигасы» жетекшісі, редакторы, аймақтық ресми тілші.

3) Әбдуәли Жәнібек Сырбайұлы.

Туған күні: 1994 жыл 26 қаңтар.

Білімі: орташа

Қызметі: Облыстық «Жастар» лигасының жетекшісі.

4) Құндызай Әлімбетқызы.

Туған күні: 1996 жыл 4 мамыр.

Білімі: аяқталмаған-жоғары.

Қызметі: «Қостанай КВН» филиалының әкімгері.

5) Төлепберген Айтбай Маратұлы.

Туған күні: 1993 жыл 1 маусым

Білімі: жоғары-аяқталмаған.

Қызметі: «Қостанай КВН» филиалының атқарушы директоры. «Облыстық Жайдарлы Жас Ұлан лигасы» редакторы.

6) Досымова Жаңагүл.

Туған күні: 1997 жыл 24 мамыр.

Білімі: аяқталмаған орташа.

Қызметі: «Қостанай КВН» филиалының ұйымдастырушысы.

7) Бақытжанова Менсұлу.

Туған күні: 1994 жыл 26 қараша.

Білімі: аяқталмаған орташа.

Қызметі: «Қостанай КВН» филиалының ұйымдастырушысы.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...