Жаңа маусымға шақыру!

Жаңа маусымға шақыру!

Достар! Еліміздің солтүстік қақпасы – Петропавл қаласындағы Облыстық «Қызылжар» ашық лигасы Сіздерді жаңа маусымға шақырады! Егер Сіздер аймақтық лигаға жолдама алған болсаңыздар, мархабат!

Қызықты ақпарат:

Алғашқы фестиваль 27 ақпанға белгіленген

Ойындар «Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» сахнасында өтеді (залда 532 орын)

Лига редакторы: Қасиет Кәрім

Астанадан Петропавлға поезбен шамамен 9 сағатта, Тальгомен 5 сағатта, автобуспен 5-6 сағатта, машинамен 4-5 сағатта жете аласыздар (дұрысы поезбен, себебі Көкшетау-Петропавл тас жолының миы шығып жатыр J)

Финалға жетсеңіз Астана уақыты мен Мәскеу уақытын ажыратуды үйренесіз

Қазағынан орысы басым өлкені көресіз

Вокзалдың төрінен М.Жұмабаев атамыздың өзі Сіздерді құшақ жая қарсы алады

Көрші Ресейден арзан машина алып келуіңізге болады

Қатысу жарнасы – жоқ

Бастысы, зал жеңіл! (жайдарманщики поймут) J

 

Қатысуға ниет білдірсеңіздер 8 701 772 21 18 ВатсАп; 8 747 196 54 74 (лига директоры Ерлік Мұхамеджанов) номерлеріне ВКға http://vk.com/id232345471 ертерек хабар берулеріңізді өтінеміз.

Қызылжарға келіңіздер! Нуу..Көріңіздер енд. А так, өздерің білесіңдер ғо 🙂

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...