Қызылорда облыстық «Жоғары лига» жайдарман ойындарының 1/2 жартылай финалдық сайысы өтті

Қызылорда облыстық жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Қазақстан КВН» Одағы РЖҚБ «Қызылорда КВН» филиалының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 11 мамыр күні сағат 19.00-де Қорқыт ата атындағы ҚМУ Студенттер сарайында облыстық «Жоғары лига» жайдарман ойындарының 1/2 жартылай финалдық сайысы өтті.

Сайысқа аудандар мен қала орталығындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастарынынан құралған 8 команда қатысты.

Атап айтар болсақ:

  1. Қорқыт ата атындағы ҚМУ – «ҚМУ құрамасы» командасы;
  2. Қызылорда гуманитарлық экононмикалық колледжі – «ҚГЭК құрамасы»;
  3. Абылайхан атындағы жоғары колледжі – «Абылайхан құрамасы»;
  4. «Болашақ» университеті – «БУ құрамасы»;
  5. Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылы – «Қоғалыкөл құрамасы»;
  6. Қазалы ауданы – «Қазалы құрамасы»;
  7. Байқоңыр қаласы – «Байқоңыр құрамасы»;
  8. Қызылорда қаласы — «Қызылорда құрамасы» командалары.

Қатысушылар 2 кезең бойынша (сәлемдесу және көрініс) бақ сынасып, үздік деп танылған 5 команда финалдық сайысқа жолдама алды.

Сонымен қатар, аталмыш шарада облыстық «Жас Отан» жастар қанатының арнайы жүлдесі де сарапқа салынды.

Ойын қорытындысы бойынша арнайы алғыс хатпен «Абылайхан» атындағы колледжінің «Абылай хан құрамасы», «Болашақ» университетінің «БУ құрамасы» жəне Қазалы құрамасы марапатталды. Ал ақтық мəреге «Қызылорда құрамасы», «Байқоңыр құрамасы», Қорқыт ата атындағы ҚМУ «ҚМУ құрамасы», Қызылорда гуманитарлық экономикалық колледжінің «ҚГЭК құрамасы» жəне «Қоғалыкөл құрамасы» жолдама алды.
Сонымен қатар, шара барысында сарапқа салынған «Жас Отан» жастар қанатының арнайы жүлдесі (50.000 теңге) Қызылорда құрамасы иеленді.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...