2015 жылғы 21 қарашада «Баласағұн» орталық концерт залында «Жайдарлы жастар» КВН лигасы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Әулие ата» орталық лигасының финалдық сайысы өтті. Ойын сайыстары 3 кезеңнен тұрды: «Сәлемдесу», «Бес сайыс» , «Үй тапсырмасы».
Ойын Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Нұр Отан» партиясы, «Жас Отан» жастар қанаты және Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет басқармасының қолдауымен өтті. Сайысқа республикалық деңгейде Алматы, Шымкент, Жетісай және Тараз қалаларының намысын қорғап жүрген жайдарман топтары қатысты.
- «Дулати жастары» — Тараз қаласы
- «Жетісай құрамасы» — Жетісай қаласы
- «Раян Нұр» — Тараз қаласы
- «Аманат» — Шымкент қаласы
- «Апорт» — Алматы қаласы
Сайыстың басты мақсаты — Жамбыл облысындағы КВН қозғалысын дамыту мен қатар, қазақ тілін кеңінен қолдану өрісін көркейте түсуге және беделін арттыруға үлес қосу, жастардың бос уақытын тиімды пайдалануына ықпал етіп, олардың арасындағы достық қарым-қатынысты нығайту.
Сайыс қорытындысы бойынша «Апорт» жайдарман тобы бас жүлдеге ие болды.