Елге ой салып, есте қалған бүлдіршіндер! «Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ «Петропавл КВН» филиалы

  • Елдің солтүстік шекарасында, аумағы бойынша ең кіші облыста, қазақ саны ең аз қоныстанған аймақта жұмыс атқарып келеді.
  • Ресми 2007 жылы тіркеліп, шын мәнінде 2005-2006 жылдан бастап өз жұмысын бастаған.
  • Құрылғалы бері филиал директоры қызметін Мұхамеджанов Ерлік атқарып келеді.

IMG_4105

  • Қазіргі таңда 20-дан аса команда, 100-дан аса жайдарманшы бар.
  • Петропавлда 1 университет, 5 колледж және 5 қазақ мектебі мен 1 облыстық интернат орналасқан.
  • Тұрақты түрде Ашық қалалық мектеп лигасы мен Облыстық ашық «Қызылжар» лигасының чемпионаттары өтеді. Оған көршілес аймақтар мен облыс аудандарының командалары қатысады. Сонымен қатар, дәстүрлі «Наурыз кубогы» және СҚО Әкімінің кубогы Республикалық жайдарман фестивальдері өткізіледі.

mTm064DHFvI

  • Біраз жыл қатарынан лиганың редакторы қызметін Алмас «Көзілдірік» Тоқабаев атқарған болатын. Қазіргі кезде ол істі Қасиет Кәрім абыроймен жалғастырып келеді.
  • Филиал үшін өткен 2014 жыл ең нәтижелі болды. Облыстық чемпионат сәтті аяқталды. Алғаш рет Петропавл құрамасы Премьер лигаға жолдама алды және Петропавл қаласының №2 орта мектеп құрамасы Республикалық «Жайдарлы Жасұлан» фестивалінде 3 орынды иеленді
  • 9 жылдан аса уақыт ішінде Ерлік Мұхамеджанов көптеген жастардың жолын ашты. Алды жайдарман сахнасында жүрсе, арты мемлекеттік қызметте, жеке кәсіпте және өзге де салаларда нәтижелі жұмыс атқаруда.
  • Солтүстік Қазақстан облысында Жайдарманға жан-жақты қолдау көрсетіледі деп айта алмаймыз, дегенмен де Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (дәстүрлі «Наурыз кубогы»), Жастар басқармасы (СҚО әкімінің кубогы) фестивальдерін өткізуге қолдау көрсетеді. Мектеп және Облыстық ашық «Қызылжар» лигасының чемпионаттары жастардың өз күшімен өткізіледі.

TXN1GnkVFlQ

  • Филиалдың ауыз толтыра айтатын жетістігі көп болмағанымен, кіші жеңістер саны жыл өткен сайын артып келеді. Мысалы 2014 жылғы «ЖАЙДАРЛЫ ЖАС ҰЛАН» фестивалінде Петропавлдан келген бүлдіршіндер талайды таңдай қақтырғаны есімізде. Аздап ұмытып қалғандарға тағы да қарап,  бір марқайып алуға болады.https://www.youtube.com/watch?v=wIpweFUhXD0

Иә… иә! Тап осы балалар! Егер, ұзақ жол кішкене адымдардан құралатынын ескерсек, алар асуы мол өскелең жас қазақтары бар Петропавл филиалы талай чемпион командалармен тарихта қалары сөзсіз! Ал, біз Ерлік МҰХАМЕДЖАНОВ бастаған филиал өкілдігіне жаңа маусым жетістіктерге бастасын дейміз!

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...