Әбдуғалиев Мәди Бейбітұлы «Назар Аудар» жайдарман тобының беделді ойыншысы. 1991 жылдың 12 шілдесінде Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданының орталығы Жаңақала ауылында дүние келген. Отбасыда оттың алды, судың тұнығы, ата-ана тұңғышы, үш ұлдың үлкені. Мәдидің «Жайдармандағы» жолы 9 сынып оқып жүрген кезінен бастау алған,сыныпаралық сайыстардан))) Республикалық деңгейдегі қазақ КВН-іне Ақтөбе қаласында өтетін «Батыс» орталық лигасынан «Ерекше жандар» командасымен келген. «Ерекше жандардағы» ерекше жандар Марс, Ақболат және Мәди суырылып шығып, «Жәңгір серілері» командасымен бірігіп қазіргі «Назар Аударды» құрады. Сөйтіп, 2011 жылғы «Маусымашарға» келіп өнер көрсетеді, жоғарғы лига ойындарына жолдама беріледі. Содан, міне… Мәдидің жеке ең басты жетістігі: халық алдында Жайдарман ойнауы. Бойдақ, сүйіктісі жоқ. Арманындағы сұлуды кездестіруді қалайды, алайда 25 жастан ерте үйленгісі келмейді. «Әзірге екі жыл погуляю я» деп әзілдеп қояды. Айтпақшы, бұл «жайдармарщик» орысша оқыған екен, бірақ қазақшасы таза. Мектеп бітіргеннен кейін БҚО мединициналық колледжіне оқуға түсіп, бір курстан кейін дәрігерлік жанына жақпағандықтан оқу орнын ауыстырып, қаржыгер мамандығын алып шығады. Дипломды сәтті қорғап, мамандық бойынша әкімшілікте жұмыс жасап жүреді. Кенеттен, «Қазақстан КВН Одағынан» қоңырау шалынып, Астанаға көшуге ұсыныс түседі. Міне, қазір елорданың тұрғыны әрі «Қазақстан КВН Одағының» қызметкері. Әлеуметтік желілерден тек «В контакте» желісінің қолданушысы, басқаларындағылар фэйк. Үлгі түтатын жайдарманшысы: Жаһан. Көп жайдарманшылар ауырып жүрген ауру «жұлдыздықты» жұқтырмаған. Қарапайым ғана қазақтың орысша оқыған баласы))