14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық «Бұхара» командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады. Айта кетейік, бұл ойын Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы қолдауымен «Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен өткен еді. Қазылар алқасы үздік үш команданы анықтап, оларға арнайы жүлделерін ұсынды. Ойын қорытындысы бойынша Семейден келген «Қыздар емес» командасы үшінші орын, алматылық «Ақпен бірге» командасы екунші орын иеленді. Ең үздік деп танылып, бас жүлдені иеленген — елордалық «Шабыт» құрамасы. Командалардың ойыны көрермен көңілінен шыққаны анық. Оған халықтың толассыз қошеметі дәлел.
Командалық көрсеткіштен бөлек, жеке шеберлігімен көзге түсіп, «Үздік ойыншы» деген атқа лайық ойыншы да анықталды. Ол алматылық «Арнайы әділет үшін» командасының мүшесі Шыңғысхан есімді жайдарманшы.

Ойынның барлық қызықтары телеарнадан желтоқсан айында көрсетіледі.

More from the blog

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...

«JAIDARMAN LIVE-2021» жеңімпазы Түркістаннан келген «Төле би» құрамасы

Жалынды жастардың  басын қосқан   «Жайдарман» әзілқойлар мен  тапқырлар  сайысы  көпшіліктің  сүйіп  көретін  және  сүйіп  ойнайтын  әзіл алаңы. Жайдарман  қозғалысы  қазіргі  кезде еліміздегі  әр  мектепте,...