1/4 финал, долбар мен болжам, ішінде экстримі де бар  

Жоғары лига, 1/4 финал. Ойнайтындар: «13 аймақ» (Шымкент), «ҚазҰУ» (Алматы), «Күлтегін» (Астана), «Аягөз жастары» (ШҚО), «Байланыс жігіттері» (Алматы), «Алғабасар» (Жуалы). 

Фавориттер қатарында сөзсіз ҚазҰУ. Өткендегі ойында команда әлі бір саусағын ішіне бүгіп тұрғандай кейіпте болды. Әрі, бастапқы ойын болғасын біршама мәжбүрлі-мәжбүрсіз эксперименттерге де барды (Айтас жоқ, Нұрсұлтан бірінші планда). Ертеңгі ойында сөзсіз келесі турға өтетін команда ретінде таңдадым.13 аймақ. Білмеймін, Арыстың бастапқы стилі жақсы еді, қазіргі стильдеріңді қабылдай алмай жүрмін. Иә, Қуатжаннан басқаларын да ойнатуға тырысыңдарш, өтініш, әйтпесе, қазылар алқасы Жуалыда бір адамнан басқасы ойнамайды деп сын айтқан сахна сыртында, сендерге де сол сын келіп жүрмесін.

Аягөз жастары. Алғашқы беталыс жаман емес, ендігісі осы бағыт пен қарқындарыңды жоғалтып алмаңдар. Келесі турға өтуге мүмкіндігі бар команда деп бағалаймын.

Байланыс жігіттері +1 қыз ))))))))))))))) Астанадан тыс жерден командалардың ішінде команда мүшелерінің саны ең көп команда. Әзілдеріңе сәл салмақ қосыңдар. Әзірге бар айтарым осы.

Күлтегін. Айтылған сыннан нәтиже шығаруларыңызды күтеміз. Әйтпесе, резервке ілінбеген бірақ, мүмкіндіктері мол басқа командалардың обалына қалған болып шығасыңдар.

Алғабасар. Бәрі қазылардың қолында. Сендердің тағдырларыңды тек солар ғана шешеді. Ал, жеке өзіме келсек, мүмкіндіктерің мол, тек Марат, басқаларды да ойнат. )))))))))))))

Қазылар алқасы.… ЭКСТРИМ!!!)))))))))))))))))))))))))))))))))

Алдан Жылгелді

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...