Бөлісу

1/8 финалдық сайыстардың жалғасы

27-28 ақпан күндері Астана қаласында өткен республикалық Жоғары лига 1/8 финалдық сайыстарының жалғасын 5 және 6 наурыз  күндері тапты. 

5-8 топтың командалары өзара сайысты. Ойындар бұл жолы да күніне екі рет екі күн болды: сағат 15:00-де және 19:00-де. Сайыстар да өзгеріссіз: еркін сайыс пен әзіл бәйге. 

Жүргізуші де сол баяғы Есен Елеукен. Қазылар: Мұрат Әбенов, Максим Рожин, Айбек Қалиев, Алдан Жылгелді, Мейіржан Әлібекұлы. Өзгергені тек командалар болып тұр.

Бесінші топтың «Сырдария құрамасы», «Тұран Астана», «Жұлдызды жігіттер», «Грант», «Ару.kz» командалары арасында үздік шыққаны «Сырдария құрамасы» мен «Жұлдызды жігіттер». 

Келесі топ озықтары «Аягөз құрамасы» және «ҚТЖ.kz». Ал, «Боранқұл», «Феномен» мен «Инженерлер» өкінішке орай арнайы жобаларды күтетін болады.

Жетінші топтағы командалар арасынан «ҚазИИТУ құрамасы» мен «Байланыс жігіттері» ең сәтті өнер көрсетті.   «Арал құрамасымен», «Элементпен», «Болашақ құрамасымен»  алдағы уақытта өтетін арнайы жобаларда  міндетті көрісеміз.  1/8 финалдың соңғы ойынында «Тек қана қыздар», «Байдың балалары», «Номад құрамасы», «ПМПИ құрамасы», «Апорт» командалары сайысып, алматылық арулар мен шымкенттік жігіттер үздік танылды.  Бұл күнгі ойын — қорытынды ойын еді, яғни резервте тұрған командалар арасынан үздік төрт топқа ширек финалға қосымша жолдама берілді. Қазылар алқасының шешімі ұпай саны бойынша жолдама табыстау болды.  Нәтижесінде оралдық «Грант», қарағандылық «Болашақ VIP», астаналық «ЕҰУ құрамасы» және «Өскемен құрамасы» ширек финалда. Сонымен, алғашқы ойынды қорытындыладық. Ендігі кезекте 16-19 сәуірде өтетін 1/4 финалдық сайыстар.   Топтар анықталып қойды: http://jaidarman.kz/?p=2998

Командаларға тек «дайындалыңдар» дейміз)

Айтпақшы, осы ойындарда да жұлдызды қонақтар келді. Олар:

«Жаснар»

«Тұңғыш астана»

былтырғы чемпион «Күлтегін»

Пікір қалдыру