3-4 маусым күндері Бейбітшілік және келісім сарайында «JAIDARMAN LIVE» Нұр-Сұлтан қаласының ашық чемпионатының  1/4 ойындары өтті.

«JAIDARMAN LIVE» Нұр-Сұлтан қаласының ашық чемпионатының  1/4 ойындары өткен болатын. Жалынды жастардың  басын қосқан   «Жайдарман» әзілқойлар мен  тапқырлар  сайысы  көпшіліктің  сүйіп  көретін  және  сүйіп  ойнайтын  әзіл алаңы. Жайдарман  қозғалысы  қазіргі  кезде еліміздегі  әр  мектепте, жоғары  және  арнайы  оқу орындарымен  қатар, мекемелерде  де  құрылып, елімізде кеңінен  танылып келеді.

Жайдарманның  ең  басты  ерекшелігі- өз  шығармашылығына  өмірдегі, саясаттағы, жалпы қоғамдағы  болып жатқан  құбылыстарды  өзек етуінде  және де  халықтың  заманауи  сұранысының  талаптарына  сай  болуында.

Сахна  мәдениеті  мен шеберлік,  би, ән,  мимика,  сөйлеу  мәнері,  ой ұшқырлығы  сияқты  өнер атаулының  түрлі  жанрларын  қамтитын  аталмыш  ойын  шығармашыл  жастардың орталығы.

Осы орайда, «Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен «Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен  3-4 маусым күндері Бейбітшілік және келісім сарайында

«JAIDARMAN LIVE» Нұр-Сұлтан қаласының ашық чемпионатының  1/4 ойындары өткен болатын.

Аталмыш сайыстарға еліміздің барлық аймағынан әр түрлі командалар қатысып,бағын сынап көрді. Жақсы ұпайлар жинаған командалар келесі жартылай финалға жолдама алды.

More from the blog

14 қараша күні жайдарманның «Елорда кубогы-2021» арнайы жобасы өтті.

14 қараша күні жайдарманның "Елорда кубогы-2021" арнайы жобасы өтті. Еліміздің үздік командаларынан бөлек, өзбекстандық "Бұхара" командасы қатысып, бұл сайыстың дәрежесін халықаралық деңгейге көтеріп тастады....

«Шабыт»құрамасы «ELORDA KUBOGY-2021» иегерлері.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы-2021» Жайдарман ойыны 14-қараша күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен...

«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАУСЫМАШАР ФЕСТИВАЛІНІҢ» ІРІКТЕУ ОЙЫНДАРЫН 28-30 қыркүйек күндері 7 арнадан тамашалай аласыздар

«Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық бастамаларды қолдау орталығының “Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу” гранты...