«Жаңару маусымының» кезекті ойындары Алматы қаласында болатын Республикалық Бірінші лига 1/8 финалдық сайыстарымен жалғасын тапты.
Мезгілдің көріктісі көктемнің алғашқы айы Наурыз ортасына тұспа-тұс келген бұл «Жайдарман» сайыстары бұрыңғыдан өзгеше. Жаңа декорация, жаңа сахна, жаңа командалар, жоғары сапалы әзілдер- көтеріңкі көңіл күйге себепші болды. Наурыз айының 15-16 күнідеріне жоспарланған ойындар 14 күні болған Мегафутболмен бастау алды. Бұл футбол жарысының бір ерекшелігі республикамыздың түпкір-түпкірінен жиналған командалар бір-бірімен араласып өзара топ құрып ойнады, топ атаулары Алматының мәдени орталықтарымен аталды. Үздіксіз редактуралық жұмыстардан кейінгі жайдарманшылар сахнаға шығуға толықтай дайын болды. Екі күнге созылған «Жайдарман» ойындары бұрыңғы Бірінші лигаға қарағанда сапалы әзілдерімен, ой тапқырлығымен, халықтың ерекше ықыласымен ерекшеленді. Ойын әдеттегідей Алматы ортасындағы Қазақконцерт залында өтті. Әр ойында үздік топпен, үздік ойыншы анықталды. Кеш қонағы болып Есен Елеукен мырза және Саламат тобы, ойынды жандандыра түсті. Қорыта айтқанда Республикалық Бірінші лига өз бастауын жоғары деңгейде алды. Жастардың басын мәдени астанамыз Алматының төріне сәуір айында ширек финалда қосатын боламыз! Жайдарман – жастардың жанұясы!