-
Маусым-2021 - 22.03.2021
-
Атырау жастары 10 әлеуметтік жобаның грантын ұтып алды - 09.12.2020
-
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогін Боранқұл жеңіп алды - 14.11.2020
-
4 ақпан күні редакторлық жұмыстан өтетін командалар - 04.02.2020
-
Маусымашардың екінші күні қалай өтті? - 03.02.2020
-
«Маусымашар-2020» фестивалі ашық - 02.02.2020
-
«Маусымашар-2020» фестиваліне тіркелу басталды - 05.01.2020
-
Биылғы чемпиондар — Элемент пен Фемида - 10.12.2019
-
9 желтоқсан Жоғары лига финалы өтті - 10.12.2019
-
Финалында 4 батыстық және 1 шығыстық команда - 08.12.2019
11 қараша елдігіміздің мерейтойына арналған «Жайдарман» ойыны өтті
Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын тойлауға «Жайдарман» ойындары да өз үлесін қосты. 11 қараша күні Астана қаласында мерекеге арналған «Жайдарман» ойыны өтті. Астана қаласының және республикамыздың бірнеше қаласынан келген қатысушы жайдарман топтары өзара сайысып, өте қызықты көріністерін қойды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар саясаты департаменті қолдау көрсеткен бұл арнайы жобаға барлығы 15 команда және 200-ден астам жас жайдарманшылар қатысты. Ойынды жүргізген — республикалық Жайдарман ойындарының жүргізушісі, Қазақстан КВН одағы президенті Есен Елеукен. Сайыс болғандықтан, үздіктерді таңдау керек. Қазылық етіп, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жайдарман» ойынының жеңіпаздарын анықтаған: Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Бақытжан Жүнісбеков, Қазақстан Студенттер Альянсының көшбасшысы Мейіржан Әбілхас, танымал тележүргізуші, белгілі телебағдарламалар авторы Нұрмахан Мұқанұлы, және тележүргізушілер Маралбек Сағынғанов пен Нұрсұлтан Құрман.

Қорытынды бойынша, жүлделі 3-орынды Қазақ технология және бизнес университетінің «Грация» командасы алды.

2-орынды Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «ҚазАТУ құрамасы» командасы иеленсе,

ойынның бас жүлдесін «Семей құрамасы» қанжығалады.

Жеңімпаздарға 400, 300 және 200 мың теңге көлемінде сыйақылар табысталды.
Елдігіміздің мерейтойына арналған «Жайдарман» ойынының желтоқсан айында НТК телеарнасынан көрсетілуі жоспарланған.
Ойынның суреттері:


