Әдебиет маусымындағы соңғы ойын. Толқыған көңілдер мен ұйқысыз түндердің мезгілі. Өзіне сенімдісі топ жарып, дайындығы жетпегені алаңдайтын сәттер. Болғанынан боладысы қызық болған, көптен күткен күн. Бұл — финал! Кубок та, жүлде де маңызды емес. Маңыздысы — чемпион атану. Керегі — жоғарғы лига сахнасынан көрініп, алға қадам басу. Әдебиет маусымы командаларды сонау балалық шақтың қиялына қанат қақтырып, ойша әлемді аралап әдебиет танып, мұхит түбіндегі маржанды іздегенмен тең еңбек талап еткені рас. Соның арқасында, ойыншылар шыңдалды, талаптанды, талғамы артты. Премьер лиганың жайдарманшылары бір шаңырақтағы бауырлардай дәрежеге жетті.
Ал, осыдан кейін финал қалай өтті дейсіз?! Достардың арасында бәсеке бола ма?
Сонымен, мусым басталғалы әр ойыннан іріктеліп, ұшталған нағыз мықтылар финалда кездесті.
«Шымкент жастары» — Шымкент. Барын салып дайындалғаны, ерте келген бүлдіршіндері де өз рөлін әдемі орындап шықты. Өзгеріс бар, өсу бар. «Өләәә, шіли қазақша сөйлемейтін шығарсың» деген, тәп-тәтті өзге ұлттың қызы ең ұтымды сәттердің бірі болды.
Қармақшы құрамасы — Қызылорда облысы. халықтың сүйіктісіне айналған команда, еш жерден қалт кетпеді. Барлық әрекет пен ойын орын-орнында болды. Қазылардың көзі де осы командаға көп түсті. (Жақсы жағынан)
Боранқұл құрамасы — Маңғыстаудың балалары. Финалға жетудің өзінде қанша тер мен еңбек жатыр! Жігіттер жарады!
Сәлемдесуі әдемі болды.
Сырдария құрамасы — Жетісайдың, жылы жақтың ұландары! Жартылай финалдағы энергия әлі басылмапты. Ойнады! Күлдірді! Ойландырды!
Алаш ұлдары — Семейдің жігіттері. Жігіттің төрелері десе, осылардай болсын! Командалық әзілдерде бірінің қателігін бірі білдірмей, дөңгелетіп, алып кетеді. Ұзаққа шабатын жарау аттай дерсің)
Фемида — Ақтөбе. жанкүйері көп команда! Потенциялы жоғары комнада капитаны. Бұларда бәрі бар. Тек… Таудай талапқа аздаған бақ жетпейтін болар.
Қазылар алқасы бағаға сараң болмады. Бәрінің ойын барысында пікірі оң, мысалы ақын Сара қыз «Қармақшы» құрамасын ерекше топ деп баға берді. Қалғанын суреттер сөйлесін!
Осындай позитивті көріністермен, ойында мәресіне жетті. Нәтиже төмендегідей: